- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Төреғали ұлдарыңыз қазақтың...
"Төреғали ұлдарыңыз қазақтың бағына туған". Өнердегі әріптестері әншіні қолдап жатыр
Танымал әнші Төреғали Төреәліге қатысты жағдай қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Өнер иесі Алматы көшелерінің бірінде ұсталған еді. Оған есіртіге мас болды деген айып тағылды. Әншінің өнердегі әріптестері оны қолдап, әлеуметтік желіде түрлі жазба жариялап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басы дауға қалған Төреғалиді қолдағандар қатарында актер Ғазиз Ерболат та бар.
"Аллаһ жар болсын...
Жігітсің ғой жалындап жанып тұрған,
Дос қыласың адамды жолықтырған.
Досым сен өзің де ормансың ғой
Өртенген орманымды ұмыттырған..." - деді Ғазиз Ерболат.
Ал әнші Альбина Шардарова Төреғалидің сан қырлы өнер иесі екенін айтқан.
"Бір күндік бір міні болғанымен, сегіз қырлы бір сырлы Төреғали ұлдарыңыз қазақтың бағына туған. Оны мойындау керек. Ер адамның басына нелер келіп, не кетпеген. Өнерде үлгі тұтар керемет отбасы өсірген Төреғали - көріп-біліп, араласып жүрген біздер үшін құрметтерлік тұлға, аға. Нағыз қазақ әке мен текті ананың ұрпағы. Аллаһ бұл сынақтан да өткізер! Халықтың "жаралы жүрегіне" уақыт емші. Бәрі жақсы болады!!!" - деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұлы дала баласына тілеулес болғандардың бірі - Қуандық Рахым.
"Пенденің қашан да түп-түзу шықпайды есебі,
Содан соң туады жала мен өсегі.
Алла қаласа
Су да жанады, от та өшеді,
Алла қаласа
Қиынын күрмеудің түйінін шешеді.
Ақтап алып жатқан жоқпын, бірақ Аллам енді бұндай сынақ бермесін", - деп жазды ол.
Айта кетейік, кеше Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.
"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
Сондай-ақ, өнер иесі 20 тәулікке қамауға алынды. Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отыр.
Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.
Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.
"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова