- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төреғали Төреәліге қатысты...
Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаменті Алматы қаласы ІІД 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулысымен есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін полиция бұрын ұстаған А. қазір Алматыдағы әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орнында.
Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға дәлел жоқ.
Сонымен қатар, А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс қозғалды.
Бұл қылмыстық іс бойынша тексерісті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, кеше Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.
"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
Сондай-ақ, өнер иесі 20 тәулікке қамауға алынды. Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отыр.
Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.
Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.
"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек