Депутат әрі журналист Мақсат Толықбай әнші Төреғали Төреәліге қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Түркістан" телеарнасына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, заң кімге болса да ортақ.
"Өзім де видеоларын көрдім. Енді заң бәріне бірдей ортақ қой. Сондықтан заңды бұздың ба, жауап беру керек. Адвокаты "күш қолданды" деген секілді жазып жатыр екен. Құдай сақтасын, АҚШ-та мұндай жағдай болса, бірден қару қолданар еді. Төреғали бол, сен бол, мен бол, заң ортақ", - деді Мақсат Толықбай.
Айта кетейік, кеше Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.
"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
Сондай-ақ, өнер иесі 20 тәулікке қамауға алынды. Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отыр.
Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.
Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.
"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!