Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
II дәрежелі Бауыржан Момышұлы атындағы "Айбын" орденімен:
- Мұхтарұлы Олжас - 29011 әскери бөлімінің взвод командирі
III дәрежелі Рақымжан Қошқарбаев атындағы "Айбын" орденімен:
- Аяпберген Сержан Талғатұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
- Бегей Дастан Нұрболұлы - 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);
- Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
- Гилаж Ақжайық Болатбекұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Гумаров Мансұр Айтбайұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
- Диханбаев Олжас Тәжібайұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
- Жанабай Әсет Саматұлы - 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеу атқышы);
- Көбенов Алмас Жүсіпұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыш);
- Мәдихан Азамат Болатбекұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
- Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыш);
- Темірғалиев Жеңіс Тілеушұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (пулеметшінің көмекшісі);
- Төлеген Ақылбек Қабденұлы - 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);
- Тұрдыбекұлы Мирас - 29011 әскери бөлімінің матросы (атқыш).
Маңғыстаудағы трагедия
24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізі жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлауы және жел күшеюіне байланысты әскери қызметшілер суға кеткен.
Нақтыланған мәліметке сәйкес 17 адам суға кеткен. Оның ішінде 14 әскери қызметші қаза тапты, үш әскери қызметші құтқарылған.

Бас прокуратура мәліметінше, Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер қаза табуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.
Премьер-министрдің өкімімен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар өткізу барысында көз жұмған әскери қызметшілердің қазасын тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілер қаза табуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажет шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмектесуді тапсырды.
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілер қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.
Тергеу барысы
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы 2-бөлігі ("ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") және 465-бабы ("кеме жүргізу қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық істер қозғалған (соталды тергеу басталған - еск.).
Сонымен қатар, Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталды. Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz