- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ол да бір...
"Ол да бір ананың баласы". Мөлдір Әуелбекова Төреғали Төреәліге қатысты пікір білдірді
Әнші Мөлдір Әуелбекова өнердегі әріптесі Төреғали Төреәліге қатысты жайтқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол халықты ауыр сөз жазбауға шақырып, әншінің анасына ауыр тиетінін айтқан.
"Әрине, "дұрыс" деп айта алмаймын. Ал, жалпы айтарым, Төреш, оның отбасы - жақсы адамдар. Ол да бір ананың баласы, ұл-қыздың әкесі. Бір білерім, оның басында да ішінен тынып, сыр білдірмей жүрген сынақтары бар. Кейбіреулер желіге ауыр сөз жазарда ойланса екен, анасына өте ауыр ғой... Аналар жыламасыншы!" - деп жазған өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, кеше Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.
"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
Сондай-ақ, өнер иесі 20 тәулікке қамауға алынды. Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отыр.
Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.
Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.
"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова