Әнші Төреғали Төреәлі мен хитмен Қайрат Нұртастың бұған дейін көлікте бетінен сүйген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы жағдайға байланысты бір топ сарапшылар және әнші Төреғали Төреәлінің қорғаушысы мәселені Дина Төлепбергенге берген сұқбатында әңгімеледі.
"Еркекпен еркек жәй құшақтасқан ол бөлек. Ал енді сипаланып былай сөйлесу деген нәрсе бір тестостерон плюс пен минус келмей қалған кезде тақ етіп атылады ғой сондай секілді. Бұл жерде ешқандай адекваттық жоқ. Жұбайларымен бұлай жүрмейді. Масаң күйде болмаса бұлар олай жүрмейтін еді", - дейді психомат Нұрлан Несіпбай.
Сондай-ақ, психомат өнер иелерінің мұндай әрекетін құптарлық жәйт деп есептейтінін жеткізді.
"Енді көлікте екеуі енді кездесіп қалса, амандасып жатыр екен деп ойлауға болады. Бірақ нақты не болып жатқанын кім біледі? Ешкім досымен жеке қалып, бұлай көлікте аймаласпайтыны анық. Видеоға дейін ұзақ уақыт екеуі бірге болды. Терезе ашылды аймаласа кетті", - дейді ол.
Ал Төреғали Төреәлінің қорғаушысы бұл әрекет аяқтан шалу екенін айтты.
"Мен бұл видеоны көріп отырып, бір-бірімізді көре алмайтынымыз көрінеді. Осы видеоны түсіріп отырған адам арнайы дәл осы сәтті түсіріп, желіге салып отыр. Осы видеоны әлеуметтік желіге салып, халыққа осындай азаматтарды масқаралаудың әрекеті", - дейді Эльнура Кишкенебаева.
Айта кетейік, Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.
"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.
Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.
"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!