- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаевқа қатысты сот...
Бишімбаевқа қатысты сот жарыссөзі: судья адвокат Ғазымжановқа тағы бірнеше ескерту жасады
Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жарыссөзінде Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлыбаевамен келіспей қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қорғаушының сөзінше, Бишімбаев Нүкенованы жүйелі түрде азаптады деп санауға болмайды.
"Қылмыстық кодекстің бабын ашсаңыз, онда азаптаудың не екені жазылып тұр. Азаптау - жүйелі түрде соққыға жығу. Бірақ олар бірге өмір сүрген жылдағы үш жағдай жүйелі түрде соққыға жығу ма? Олар қыдырып, демалды, қалаған жеріне барды, қалағанын жеді, қымбат зергерлік бұйымдар тақты, қымбат киім киді және үш рет келіспеушілік болды, осының бәрі жүйелі азаптау ма?" - деді адвокат.
Судья Айжан Құлыбаева қорғаушыға тағы да осындай мәлімдемелер жасаса, сот тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын ескертті.
"Сіздің ескертуіңізді түсіндім. Бірақ, құрметті сот, сіз тек маған ескерту жасайсыз. Неліктен басқаларға олай қарамайсыз?" - деді адвокат.
"Қорғаушы, бір минут. Сіз қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын білесіз. Тағы осылай әрекет етсеңіз, тағы да айтамын: сот соған сәйкес жауап беруге мәжбүр болады. Бұл қорқыту емес. Бұл - сіз қазір қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзған нәрсе. Сіз қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзбай сөзіңізді жалғастыра аласыз", - деді судья.
Ғазымжанов мәлімдеме жасауын жалғастырды, бірақ біраз уақыттан кейін судья одан орнына баруды өтінді.
"Қорғаушы, сіздің ұстанымыңызды ескере отырып, сізге тағы да мұқият түсіндіруім керек екен, өйткені сіз түсінбейсіз. Сот сізге үш рет ескерту жасады. Сіз түсінбегендіктен, тағы да түсіндіремін. Сот жарыссөздерінде тараптар этикаға жат, әдепсіз мәлімдемелерге жол бермеуі керек. Сіздің осы уақытқа дейін айтқаныңыз мораль, мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейді. Не айтып тұрғаныңызға жауап беруіңіз керек", - деп қорытындылады Айжан Құлбаева.
Кейін ол Ғазымжановқа жалғастыруға рұқсат берді.
Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында ол кеңес алу үшін жиі жүгінген көріпкелден жауап алынатыны белгілі болды. Судья айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандырды.
Прокурор Бишімбаевтың пәтерінен қан көрген үй қызметшісінен, Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев кездескен блогер Гүлнар Насырбековадан, сондай-ақ, көріпкел Гүлнара Ережеповадан жауап алу туралы өтінішін жеткізді. Прокурор үй қызметшісі мен көріпкелден онлайн режимде жауап алынатынын мәлімдеді. Судья өтінішті қанағаттандырды.
Салтанат қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездескен блогер сотқа келді
22 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алқабилерді сюжетте көрсетіп жіберген КТК телеарнасына қандай жаза қолданылғаны белгілі болды.
Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі
Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді.
Сонымен қатар, сот отырысында басты айыпталушы Бишімбаевтың ұялы телефоны қарала бастады. Бишімбаев құпиясөзді айтып, ұялы телефон судьяға берілді. Судья Айжан Құлбаеваның өзі Бишімбаевтың ұялы телефонын сот талқылауы аясында зерттеді. Оған қоса телефоннан суреттер мен видеоларды қарады.
17 сәуірде өткен сот отырысында судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырмады.
Сонымен қатар, Cалтанат қайтыс болған бөлмеде оның саусақ іздері табылмағаны белгілі болды.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйлеген болатын. Ол ресейлік сарапшының шешімін іс материалдарына қосуды қолдауды сұрады.
Бұған дейінгі сот отырысында қылмысты жасырып қалды деп айыпталып отырған Бақытжан Байжанов сөйледі.
10 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың құрбысымен диалогын оқып шықты.
Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?
Сотта Салтанат Нүкенова мерт болған vip-бөлмеде табылған заттар көрсетілді.
9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды.
Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.
Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова