Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында оның қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов жарыссөз кезінде айыптау актісіне қарсы шығып, "егер айыпталушы Салтанатты өлтіргісі келсе, Нүкенованы қаладан әкетіп, өлтіріп, көміп тастайтын еді" немесе "киллер жалдайтын еді" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Айыпталушының жәбірленушіні өлтіруге ниеті мен ойы болмағанына оның ұрып-соғуға дейінгі, ұрып-соғу кезіндегі және ұрып-соққаннан кейінгі мінез-құлқы негізгі дәлел. Оның мұндай мінез-құлқын бәрі көрді және бәріңіз біліп отырсыздар. Нүкенованы ұрып-соғуға дейінгі мінез-құлқын талдайық. Елестетіп көрейік, егер Бишімбаев кісі өлтіруді жоспарласа, ол мұны өз қолымен жасай ма? Кісі өлтіру үшін кәсіби адамды жалдау әлдеқайда қауіпсіз, адамдар Бишімбаевтың бұған қатысы бар екенін ешкім білмейтін де еді. Бірақ Бишімбаев киллер жалдауға талпынған жоқ. Бишімбаев өз қолымен кісі өлтіргісі келді делік. Елестетіп көрейік - киллер емес, өзі қалады", - дейді Ғазымжанов.
Адвокаттың айтуынша, мұндай жағдайда Бишімбаев кісі өлтіруге қаруды алдын ала дайындап, Нүкенованы қауіпсіз жерге апарар еді, ол жерде ешқандай дәлел болмас еді.
"Жәбірленуші тараптың "Бишімбаев Дима Биланның концертінде Нукенованы өлтіруді жоспарлағаны және бұған "пальтоңды қалдыр, ол енді саған қажет болмайды" деген сөзі дәлел" деген нұсқасы сондай күлкілі. Алқабилердің бірі бұған сене ала ма? Неліктен ол кісі өлтіруді мұнша созады? Неліктен таңға дейін қарым-қатынасын талдайды? Оған бірдеңе дәлелдеп, оның талаптарын тыңдайды. Жәй ғана қаладан әкетіп, өлтіріп, көміп тастайтын еді", - деді адвокат.
Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында ол кеңес алу үшін жиі жүгінген көріпкелден жауап алынатыны белгілі болды. Судья айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандырды.
Прокурор Бишімбаевтың пәтерінен қан көрген үй қызметшісінен, Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев кездескен блогер Гүлнар Насырбековадан, сондай-ақ, көріпкел Гүлнара Ережеповадан жауап алу туралы өтінішін жеткізді. Прокурор үй қызметшісі мен көріпкелден онлайн режимде жауап алынатынын мәлімдеді. Судья өтінішті қанағаттандырды.
Салтанат қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездескен блогер сотқа келді
22 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алқабилерді сюжетте көрсетіп жіберген КТК телеарнасына қандай жаза қолданылғаны белгілі болды.
Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі
Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді.
Сонымен қатар, сот отырысында басты айыпталушы Бишімбаевтың ұялы телефоны қарала бастады. Бишімбаев құпиясөзді айтып, ұялы телефон судьяға берілді. Судья Айжан Құлбаеваның өзі Бишімбаевтың ұялы телефонын сот талқылауы аясында зерттеді. Оған қоса телефоннан суреттер мен видеоларды қарады.
17 сәуірде өткен сот отырысында судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырмады.
Сонымен қатар, Cалтанат қайтыс болған бөлмеде оның саусақ іздері табылмағаны белгілі болды.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйлеген болатын. Ол ресейлік сарапшының шешімін іс материалдарына қосуды қолдауды сұрады.
Бұған дейінгі сот отырысында қылмысты жасырып қалды деп айыпталып отырған Бақытжан Байжанов сөйледі.
10 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың құрбысымен диалогын оқып шықты.
Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?
Сотта Салтанат Нүкенова мерт болған vip-бөлмеде табылған заттар көрсетілді.
9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды.
Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.
Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!