Миллионер ақсақал Қытайдан Қазақстанға жаяу өтіп кетпек болды

Миллионер ақсақал Қытайдан Қазақстанға жаяу өтіп кетпек болды
Фото: tn.kz

"Қорғас" шекара бақылау бекетінің шекарашылары жаяу жүрген 69 жастағы миллионерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қорғас" шекаралық бақылау отрядының шекара наряды тексеріп-өткізу бекетінде (қазақ-қытай шекарасы) үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегі күні түс ауа көршілес елден біздің елге қарай жаяу өтіп келе жатқан жасы жетпіске жетеқабыл (1946 жылы туған) ҚХР азаматын тексеру барысында ақсақалдың қол жүгінің арасына жасырылған 4 200 000 теңге табылды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік шекарадан заңсыз жолмен қомақты қаржы алып өтпек болған миллионер қартпен "Қорғас" кеден бекетінің мамандары жұмыс істейді.

М. Бисембаева