Жаяу жүрудің 7 пайдасы

Жаяу жүрудің 7 пайдасы
Фото: vk.com

Жаяу жүру - өзіңізді бір қалыпта ұстаудың қарапайым жолы. Кейбір спорттың түрі адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал жаяу жүрудің ешқандай зияны жоқ. Керісінше оның адам денсаулығына пайдалы тұстары өте көп. 

1. Салмағыңызды бір қалыпта ұстауға көмектеседі

Аустралиялық ғалымдар 2013 жылы зерттеу жұмысын жүргізді. Олар 822 адамның салмағын өлшеп, әр қатысушының 4 жылдың ішінде 1 килограмм 400 грамм қосқанын анықтады. Жұмысқа көлікпен барғандардан, жаяу барған адамдардың салмағы 900 граммға кем екені мәлім болды. 

2. Қаныңыздағы қант мөлшерін реттейді

Жаяу жүрудің арқасында қаныңыздағы қант мөлшерін реттеуге болады. Diabetes Care журанлында жарияланған ғалымдардың зерттеуі бойынша, тамақтан кейінгі 15 минуттық серуен қандағы қант мөлшерін реттеуге көмектеседі.

3. Көңіл-күйіңізді көтереді

Америкалық психолог Роберт Тайер "10 минут жаяу жүрсеңіз, 2 сағат көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүреді", - дейді.  

4. Есте сақтау қабілетіңізді арттырады

Аптасына 3 рет 40 минуттан жаяу жүретін жандардың есте сақтау қабілеті 2%-ға жақсарады. 

5. Жаяу жүру жүрек ауруларының алдын алады

Күніне кем дегенде 15 минут жаяу жүрген адам жүрек ауруларының алдын алады. 

6. Қатерлі ісіктің кейбір түрінен сақтайды

Жаяу жүру зат алмасу процесін жақсартып, иммунитетіңізді көтереді. Америкалық онкологиялық орталық күніне 1 сағат жаяу жүрген әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күресуге қауқары бар екенін айтады. 

7. Жаяу жүру - тегін әрі пайдалы

Жаяу жүру үшін тек ыңғайлы аяқ киім мен ынта болса болды. 

Жаяу жүру арқылы арықтағыңыз келсе, ең алдымен оның қағидаларын білгеніңіз жөн. Жаттығу барысында жылдамдығыңызды ауыстырып тұрыңыз. Егер 2 минут жай жүрсеңіз, 2 минут тезірек жүруге тырысыңыз. Жаяу жүрудің пайдасын бәрімен бөлісіңіз. 

Ж. Исакаев