Өмірдің күлкілі әрі маңызды қағидалары

Өмірдің күлкілі әрі маңызды қағидалары
Фото: wiolife.ru

Үнемі жұмысты ойдағыдай аяқтап шығуға уақыт жетпейді. Ал оны қайта жасауға уақыт табылады.

Сіз тұрған кезектен басқалары тез жылжиды.

Топпен бірге істеген жұмыс өте маңызды. Мұнда өз кінәңді өзгеге жаба салу оңай.

Жоғалған затыңызды ең бірінші бұйырмаған жерден, болуы мүмкін емес деген орындардан іздеңіз.

Егер басқа ештеңе көмектеспесе, нұсқаулықты аяғына дейін оқып шығыңыз.

Өз теорияңызды қорғап шығу жолында бұрынғы зерттеулерді шексіз қолдана беруіңізге болады.

Басқаларынан аз ақша төлейтін адам ең көп шағым айтушылар қатарынан болады.

Адамға әрдайым не ақша, не уақыт жетіспей жүреді.

Кез келген әрекетке дәл сол деңгейдегі кереғар сын бар.

Шикі банан сатып алсаңыз, ол піскенше таусылып қалады. Пісіп тұрған банан алсаңыз, жеймін дегенше қарайып кетеді.

Қолында бір сағаты бар адам уақытты анық біледі. Бірнеше сағаты бар адам үнемі уақыттан шатасып жүреді.

Барлық ұлы ашылулар қателік арқылы орын алған.

Шұжықты жақсы көретін әрі қағидаларды құрметтейтін жан оның да, басқасының да қалай жасалатынын көрмей-ақ қойғаны абзал.

Ұзақ уақыт босқа сақтап жүрген нәрсеңізді қоқысқа тастауға болады. Бірақ оны тастай салысымен қажет болып қалады.

@. @assel_assanova