Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Әсем күлкінің бес қағидасы

Әсем күлкінің бес қағидасы

Әсем күлкінің бес қағидасы

Әсем күлкінің кепілі - әдемі әрі сау тістер болып табылады. Күлкім тартымды әрі есте қаларлықтай болсын десеңіз, тіс күтімі туралы қағидаларға зер салыңыз.

№1 қағида. Тіс щеткасына аса мән беріңіз. Щетка талшықтары қатты болмағаны абзал. Жұмсақ талшықтары бар тіс щеткалары ауыз қуысын ас қалдықтарынан тазартып қана қоймай, оны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Тек полиэстрден жасалған тіс щеткасын қолданған жөн. Себебі, нейлон немесе ситрон талшықтары ауыз қуысын тазартқанменен, тіс жиегіне кері әсерін тигізеді.

№2 қағида. «Қымбат щетка сапалырақ» деген бос сөз. Арзан щетка қымбат щеткаға қарағанда тісті жөнді тазартады. Себебі, оның талшықтары көбірек әрі қалың келеді. Ал электрлі щеткаларды мүлдем пайдаланбаған жөн. Себебі, ол кариестің түсуіне жол береді.

№3 қағида. Күніне тісті екі мәрте емес, бірнеше рет тазалау керек. Тіпті, әр тамақтанған сайын тісіңізді тазартып, ауыз қуысын шайқап тұрыңыз. Тісіңізді жиі тазалау арқылы сіз тек сыртқы орта әсерінен қорғанып қана қоймай, жағымсыз иістен де арыласыз.

№4 қағида. Тісті асықпай, мұқият тазалау керек. Щетканы қатты ұстаудың қажеті шамалы. Қалам-қарындашты қалай ұстасаңыз, щетканы да солай ұстаған жөн. Осы арқылы тістің дұрыс тазалануына жол ашасыз.

№5 қағида. Тіспен бірге, тіл мен таңдайды тазалауды ұмытпағайсыз. Тіл мен таңдайға көптеген бактериялар ұялайды. Олардан арылу үшін тіспен бірге тазалап тұрыңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: volgoznak.ru, vk.com

11236 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2012, 16:58
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 16:14

күлген кезде "тхі" деп сыпайы күлу керек :D

+0
11 қыркүйек 2012, 17:35

тіл мен таңдай :P

+0
11 қыркүйек 2012, 22:04

бар мәселе тіс щеткасында емес сияқты ғой...әдемі қыздар онсыз да әдемі күледі

+0
15 қыркүйек 2012, 01:13

мынауы аузыңды жуып жүр деген әңгіме ғой :D

+0
18 қыркүйек 2012, 14:43

Кәрістер щеткасы мен тіс пастасын алып жүреді қайда барса да. Тамақтанған соң міндетті түрде аузын шаяды екен. ҚЗдан барғандар алғашында таң қалыпты :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...