Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Бір күлкіге 200 000 доллар: Geminoid-тар жанұясы

Бір күлкіге 200 000 доллар: Geminoid-тар жанұясы

Бір күлкіге 200 000 доллар: Geminoid-тар жанұясы

2009 жылы Жапонияның Осака қаласындағы университеттің профессоры әрі робот конструкторы Хироши Ишигуро өзінің сыңар-роботымен бүкіл әлемді тамсандырған болатын. Яғни бұл андроид бүкіл келбетімен өз құрастырушысынан айнымайды. Роботтың кереметі сол, адам бетінің қарапайым жасаған эмоциялық әрекеттерін қайталайды. Өз жаңалығын әлемге мойындату үшін Ишугуро роботты түрлі конференцияларға қатыстырған, керек десеңіз, бұл роботты Ишугуро өз орнына лекцияларын жүргізуге де шығарған. Ишугуро камера алдына отырып, лекцияны оқитын болса, робот дәл соны қайталайды екен.

Тұрақтылықты ұнатпайтын Ишугуро 2010 жылы  өзінің егізінің дамыған түрі Geminoid F-ты құрастырды. Осака қаласындағы баспасөз маслихатында Geminoid F-ты ұсынар кезде, өзінің прототипімен бірдей киініп шыққан. Өзінің жиырма жасар егіз-сыңары жаңадан туылғандай сезінген қыздың қуанышында шек болған жоқ. Geminoid F-тың ең басты ерекшелігі адам бетіндегі бүкіл эмоцияны қайталай алады. Яғни ол күледі, ренжиді, басын изей алады...

Kokoro компаниясымен бірге жұмыс атқарған Ишугуроның бұл жұмысы алдыңғы клонынан да керемет, шынайы болды. Бұл модельде 12 сервомотор қолданылса, алдыңғысында 50 сервомотор қолданылған. Алдыңғы модельде қосымша қорапша болса, Geminoid F барлық техникасы ішіне енгізілген кейпімен таң қалдырады. Яғни сіз Geminoid F-ты кеңсеңіздің алдына ұялмай қойып, келген қонақтарды күліп қарсы алуын әмір ете аласыз. Тексеріс барысында құлтемір осы істі толық күйде жақсы атқарып, сынақтан сүрінбей өткен. Дәрігерлік емге келген ауруларды күліп қарсы алған робот емделушілерге өте жақсы әсер еткен. Бұл темір тіпті театр сахнасында ойнап та үлгерген.  Робот құрастырушы компания қара шашты сұлу робот ханымды кез келген клиентке он миллион иенге, бұл шамамен 110 000 АҚШ долларға құрастырып бере алады екен.

Осындай кереметті жасатуға ұсыныс білдіргендердің бірі - Даниядағы Ольборг университетінің профессоры Хенрик Шарф. Ол өзінің екінші сыңары Geminoid DK-ны жасатуға 200 000$ көлемінде ақша төлеген болатын.  Яғни оның негізгі мақсаты IRL: In Real Life 2011 көрмесінде сыңарына лекция оқытпақ болған.

Үш робот та компьютерлік әдіспен өзінің егіз адамының іс-әрекеттерін қайталайды. Бұл андроидтарды жасауда негізінен ғылыми жолды ұстанған Хироши Ишугуроның ойынша, бұл роботтармен сөйлескен адам өзін-өзі тани түседі. Соңғы қорытындыны халық пен ғалымдар берер деген ойдамыз. Ал әзірше бұл құлтемірлер фантастикалық кинолардағыдай дөңгелек үстел үстінде бір-біріне жымиып қарап отыр.

Автор: Мақсат Мұғалім

Суреттер Ғаламтордан алынды

4892 7
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 30 қаңтар 2012, 10:00
Тегтер: Құлтемір, робот,
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2012, 09:49

Құдай сақтасын, құдды адам дерсің...

+0
30 қаңтар 2012, 10:09

Керемет! Адамзаттың ойлап таппайтыны жоқ.

+0
30 қаңтар 2012, 12:20

Бұлай кете берсе, адамның да керегі болмай қалар-ау :((((

+0
30 қаңтар 2012, 18:22

қам жемеңіз, бәрін басқарып отырған - адам ғой )

+0
30 қаңтар 2012, 19:22

Тұрақты авторымыз Мақсат мұғалім ерекше жаңалықтарға құмар. Бұл бізді қатты қуантады. Рақмет сізге!

+0
05 ақпан 2012, 14:06

Кәусар фантастика фильмдерді азырақ қарасаң жақсы болар еді))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...