Xiaomi ультражұқа смартфондары таныстырылды

Xiaomi ультражұқа смартфондары таныстырылды

Кеше қытайлық Xiaomi компаниясының ультражұқа смартфондарын таныстыруы туралы жазған болатынбыз. Компания өз дегенін нақты орындапты. Бейжіңде болған анонста Mi Note және Mi Note Pro атауларына ие екі бірдей фаблет ашық көрмеге қойылды.

Xiaomi Mi Note

Бірден айтқан жөн, Mi Note – Redmi Note өнімінің аналогы немесе ұрпағы емес. Бұл 5,7-дюймді Full HD экранға ие планшет пен смартфонның гибриді. Гаджеттің диплейі Japan Display компаниясының Gorilla Glass айнасымен қамданған. Mi Note процессоры Snapdragon 801 болып, 3 ГБ оперативті жадысына ие.

Sony компаниясы дайындаған фаблеттің камерасы 13 мегапиксель сапамен көмкерілген. Камераның оптикалық тұрақтандыруы да бар. Гаджетке екі SIM-карта қосуға болады. Ал өнімнің дизайнына тоқтала кетсек, оның екі беті де 3D-айнадан жасалған. Қалыңдығы небәрі 6,95 мм. Гаджеттің алдын ала жарияланған жарнамасында оның қалыңдығын жәндіктің қанатымен салыстырғаны бекер емес.

16 ГБ жадысы бар Mi Note $370, ал 64 ГБ нұсқасы $450 бағамен сатылмақ. Бұл компанияның бұрынғы өнімдерінің бағасына қарағанда біршама қымбат екені белгілі. Компания өкілдерінің айтуынша, сапалы өнім сәйкесінше қымбат болуы тиіс.  

Xiaomi Mi Note Pro

Бір қарағанда Mi Note Pro фаблеті Mi Note смартфонынан аумайды. Дегенмен мұқият салыстыру кезінде олардың айырмашылықтары байқала түспек.

Фаблеттің негізін 64-битті Snapdragon 810 процессоры құрайды. Дисплейі Quad-HD сапа мүмкіндігімен қамтамасыз етіліп, оперативті жадысы 4 ГБ көлемге ие болған. Ал құны 530 АҚШ долларына бағаланып отыр.

Mi Note өнімі 2015 жылдың екінші жартысында сатылымға шықса, Mi Note Pro фаблеті жылдың соңына қарай сатуға қойылмақ.

Сурет: www.libertaddigital.com

Оқи отырыңыз:

Samsung Galaxy S6 смартфоны сатылымға қашан шығады?

Samsung Blackberry компаниясын сатып алуы мүмкін

Microsoft смартфондары елімізде қол жетімді бағамен сатылады

Samsung Windows смартфондарына көңіл бөлмек

Apple 4-дюймді iPhone 6s mini смартфонын шығарады

Ж. Өрісбай