Apple 4-дюймді iPhone 6s mini смартфонын шығарады

Apple 4-дюймді iPhone 6s mini смартфонын шығарады

Осы жылы силикондық компания дәстүрлі 4-дюймді дисплейден бас тартып, экран көлемін үлкейткен болатын. Жаңа iдевайстардың үлкен дисплеймен шығуы нарықта сәтті жолға жетелеген болса да, жаңа корпус пен дизайнға сын айтылмай қоймады. Себебі Джобстың өзі «Ешкім ешқашан үлкен телефонды сатып алмайды» деп айтқан болатын.

Келесі жылы Apple өзіндік дәстүрге қайтып оралуды мақсат етіпті. Компания Стив Джобстың сөзін жерде қалдырмай, 4-дюймді смартфондарды қайта өндіруге қояды. Бұл туралы iPhone 6s mini құрылымымен айналысып жатқан Cowen & Company компаниясының сарапшысы Тимати Аркури хабарлады.

Сарапшының айтуынша, iPhone 6s mini смартфонының техникалық мінездемесі соңғы шыққан девайспен бірдей болады. Дегенмен оның сыртқы дизайны жаңа көрініске ие болуы мүмкін. Бұл өнім үлкен дисплейге үйренісе алмаған тұтынушыларға арналып шығады. 

Сурет: www.extremetech.com

Ж. Өрісбай