Samsung Windows смартфондарына көңіл бөлмек

Samsung Windows смартфондарына көңіл бөлмек

Самсунг Google компаниясының Android платформасына тәуелді болмау үшін Windows 8.1 оперативті жүйе негізінде жұмыс істейтін бірнеше смартфон шығаруы мүмкін. Бұл туралы The Korea Times газеті жазып отыр.

«Компания өз өнімдеріндегі Windows 8.1 базасын тестілеуден өткізу мақсатында бағдарлама дайындады. Samsung Windows платформасын дамытуды көздеп отыр», - дейді компания қызметкері.

Дегенмен бұл мәселеге қатысты Samsung мен Microsoft компанияларының келісімі туралы әзірге ештеңе айтылмаған. Дереккөзге сенсек, егер компаниялар арасында ортақ келісім сәтті аяқталса, Samsung ағымдағы жылдың үшінші кварталында жобадағы смартфондарын шығаратын болады.

Samsung Tizen оперативті жадысы негізінде жұмыс істейтін смарфтондарының нарыққа шығып, қолданысқа ене қоймағандығынан осындай шешімге келіп отыр. Оңтүстіккорейлік компания бұл платформаны да дамыта бермек. Бірақ негізгі күш мобильді құрылғыларға емес, теледидарларға салынатын болады.

Tizen платформасы негізіндегі The ZEQ 9000 смартфоны

Ескере кеткен жөн, Microsoft - Samsung компаниясының бұрыннан келе жатқан серіктесі. Бірақ олар осыған дейін денсаулық сақтау және есептеу технологиясы салаларында ғана бірігіп жұмыс істеген. Енді смартфондар нарығы жаңа келісімнің негізі болмақ.

Айта кетсек, Samsung Оңтүстік Корея, АҚШ және Қытайдың антимонополиялық мекемелеріне Microsoft пен Nokia арасындағы келісімді жоққа шығаруға қатысты шағымданған. Самсунг өкілдерінің айтуынша, Nokia бизнесінің сатылуы Microsoft пен Samsung компанияларын серіктес емес, бәсекелес етуге себеп болыпты.

Ал Microsoft өз кезегінде Samsung-қа берілген патенттерді жоққа шығарған. Сарапшылардың айтуынша, халықаралық сот үдерісі ортақ келісіммен аяқтамай қоймайды. Себебі екі компания да қиын-қыстау кезеңде тұр.

Ресми емес деректерге сенсек, Microsoft Самсунг компаниясын өзінің мобильді платформасын дамытуда пайдалануды жоспарлаған. Сондықтан смартфон нарығындағы платформаға қатысты ортақ келісім жуырда жүзеге асады.

Сурет: www.knowyourmobile.com

Оқи отырыңыз:

CES 2015. Виртуалды көзілдіріктің әмбебап үлгісі

Windows 8 не үшін бірден Windows 10-ға өтіп кетті?

CES 2015. G Flex 2 – LG ұсынған дөңес смартфон

CES 2015. Жүргізушісіз қозғалатын көлік концепті

Apple смарт-қалам шығаруға патент алды

Ж. Өрісбай