Microsoft смартфондары елімізде қол жетімді бағамен сатылады

Microsoft смартфондары елімізде  қол жетімді бағамен сатылады

Microsoft компаниясы Қазақстан нарығына Lumia 435 және Lumia 532 смартфондарын шығаратын болды. Windows Phone 8.1 оперативті жүйесімен қамданған жаңа өнімдердің бағасы сатып алушылар үшін аса қиындық тудырмайды.

Елімізге Lumia 435 және Lumia 532 смартфондары екі SIM-карталы нұсқамен келеді. Олардың белгіленген бағасы сатылымға шығу алдында нақты белгілі болмақ. Ал нарыққа шығуы 2015 жылдың 1 ақпанына белгіленген. Компанияның жаңартылған оперативті жүйесі смартфонның функционалдығын арттыра түспек. Windows Phone мобильді платформасы қамтамасыз ететін гаджет жаңа мүмкіндіктеріне қоса аналогы жоқ қосымшалармен жабдықталған.

Lumia 532 – өткен жылы таныстырылған Lumia 530 смартфонының жалғасы саналады. Жаңа өнім Glance screen функциясымен жұмыс істейді. Microsoft қызметтерінің арқасында аталған смартфонды қолданушылар мынадай мүмкіндіктерге ие:

- Skype сервисімен біріктірілгендіктен енді дыбысты қоңыраудан видеоқоңырауға ауыса аласыз. Microsoft Office қызметінің мобильді нұсқасы арқылы кез келген құжатты оқып, жазып немесе қайта өзгерте аласыз.

- Компания ұсынатын OneDrive ғаламтор жадысында 30 ГБ-қа дейінгі фото немесе видео материалдарды сақтау мүмкіндігіңіз бар.

- Microsoft Outlook көмегімен пошта қызметтерін іске асыруға болады.

- Смартфонның алдынғы камерасы арқылы суретке түсіп, Lumia Сэлфи мобильді қосымшасы арқылы бөлісе аласыз.

Жаңа өнімнің жетілдірілген нұсқасын ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап, еліміздегі кез келген техникалық аппараттар мен жабдықтарды сатумен айналысатын дүкендерден сатып алуға болады.

Сурет: w7phone.ru

Ж. Өрісбай