Samsung Galaxy S6 смартфоны сатылымға қашан шығады?

Samsung Galaxy S6 смартфоны сатылымға қашан шығады?

Наурыздың 2-сі мен 5-і аралығында Испанияның Барселона қаласында өтетін Mobile World Congress атауына ие электрониканың халықаралық көрмесінде Galaxy S флагманды смартфондарының келесі ұрпағы ресми таныстырылады. Жаңа өнімнің ерекшелігі неде болмақ?

Samsung өнімдеріне үйреніп қалған тұтынушылар асыға күткен смартфонның техникалық мінездемесі туралы әзірге ақпарат берілмеген. Дегенмен ғаламтордағы бейресми ақпаратқа сүйенер болсақ, аталған өнім екі түрлі нұсқада сатылымға шығады. Galaxy S6 аппаратының бірінші нұсқасы дәстүрлі дизайнға ие болса, ал екіншісі Note 4 флабетіндегідей дөңес дисплеймен қамданбақ.

Galaxy S6 құрылымында TouchWiz UI интерфейсі өзгереді. Сонымен қатар, Samsung гаджеттің жады көлемін үлкейту үшін, оның платформасында бар қосымшалардың ретін азайтуды ойлап отыр. Одан бөлек, Galaxy S6 смартфонының екі нұсқасы да 5-дюймді Quad HD-дисплейімен жабдықталмақ. Өнім бұрынғыдай Android оперативті жүйесінде жұмыс істейтін болады.

Барселонада өтетін көрмеде Samsung флагманды смартфондарынан бөлек, өзінің фирмалық "ақылды" сағаттарын таныстырады.

Сонымен өнім Еуропа топырағында ресми таныстырылып, көктемнің басында Оңтүстік Корея нарығына шығады. Ал өзге елдерде сатылымға шығару сәуір айына жоспарланған.

Сурет: forums.oneplus.net

Оқи отырыңыз:

Microsoft смартфондары елімізде қол жетімді бағамен сатылады

Kodak смартфон шығарады

Apple 4-дюймді iPhone 6s mini смартфонын шығарады

Қалта телефонын суға түсіріп алған жағдайда не істеу керек?

Ж. Өрісбай