Instagram желіге кіру уақытын көрсетеді

Instagram желіге кіру уақытын көрсетеді
Фото: s.appleinsider.ru

Instagram әлеуметтік желісінде жаңа функция іске қосылуы мүмкін. Пайдаланушылар өзге аккаунт иесінің желіге кірген уақытын көре алады, – деп хабарлайды UberGizmo.

Деректер бойынша, танымал сурет қосымшасында әлеуметтік желінің белсенділігін көрсететін ерекше жазба болады. Бұл өз кезегінде Facebook Messenger және Telegram мессенджерінде бар жүйеге ұқсас боп келеді. 

Active At функциясы аккаунт иесі желіге соңғы рет қандай уақытта кіргенін көрсетеді. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл олардың әңгімелесушісінің хабарға қаншалықты тез жауап беретінін болжауға мүмкіндік береді. 

Бұл функция компания өкілдерімен және брендтермен қарым-қатынас жасау кезінде ыңғайлы болады деп болжануда. Функцияны енгізу мерзімі әзірге әлі жарияланған жоқ. Кейбір сарапшылар Active At функциясы бөлек хабар алмасу (direct) қосымшасына қосылатынын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, инстаграм әкімшілігі осыдан аз ғана уақыт бұрын жаңа функцияны іске қосты, ол белгілі бір пайдаланушылар үшін желідегі ең маңызды жазбаларды таңдауға мүмкіндік береді.

Ж. Жұмағұлов