Instagram желісінде жақында тағы бір жаңа қосымша іске қосылады

Instagram желісінде жақында тағы бір жаңа қосымша іске қосылады
Фото: salesteam7.media

Әлемдегі ең танымал желілердің бірі Instagram әлеуметтік желісінің әкімшілігі жаңа функцияны тестілеуді бастады, ол белгілі бір пайдаланушылар үшін желідегі ең маңызды жазбаларды таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Instagram тобы әлі де шектеулі қолданушылардың функционалдық жұмысын зерттеп жатыр. Лентада бірінші кезекте лайк қойған достар шығады.  Бұған дейін Instagram әлеуметтік желісі хабарларды іздестіруді жеңілдету үшін хэштегтерге жазылуға мүмкіндік берген еді. 

Хэштегке жазылу үшін пайдаланушы іздеудегі сөздерді енгізу немесе қажетті хэштегті түрту керек. «Жазылу» батырмасы әр хэштегтің бетінде орналасқан. Жазылымнан кейін таңдаулы хэштегтер үшін ең танымал жазбалар лентаға  шығады. Сонымен қатар егер ашық аккаунт болса қолданушылардың қандай хэштегтерге жазылғанын көруге болады. 

Ж. Жұмағұлов