Facebook акцияларының бағасы 3,9 пайызға құлдырады

Facebook акцияларының бағасы 3,9 пайызға құлдырады
Фото: cnbc.com

Жаңалық қалыптастыру алгоритмін өзгертуге ниет білдіргеннен кейін Facebook акцияларының бағасы 3,9 пайызға құлдырады. Нәтижесінде Цукербергтің жеке байлығы 74,4 миллиард долларға дейін төмендеді.

Жұма күні Марк Цукерберг жаңалықтар лентасының өзгеретінін хабарлағаннан кейін Facebook компаниясының акциялары 3,9% арзандады. Абсолюттік жағдайда Цукербергтің шығыны 2,9 миллиард АҚШ доллары. Bloomberg Billionaires Index агенттігінің мәліметінше, осы өзгерістен кейін оның байлығы 77,3 миллиард доллардан 74,4 миллиард долларға дейін кеміді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Цукерберг "жаңалықтар ұсыну тәртібі о бастағы мақсатынан – адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті",– деп жазып, әлеуметтік желіде жаңалықтар мен жарнама мәніндегі жазбалардың саны қысқарып, керісінше, қолданушының отбасы және достарына қатысты ақпараттар бірінші кезекте ұсынылатынын айтқан еді. 

Ж. Жұмағұлов