Қайрат Түнтеков "I'm a singer Kazakhstan" жобасының жеңімпазы атанды

Қайрат Түнтеков "I'm a singer Kazakhstan" жобасының жеңімпазы атанды
Фото: instagram.com

Танымал әнші Қайрат Түнтеков "I'm a singer Kazakhstan" жобасының жеңімпазы атанды.т Бұл туралы бағдарламаның музыкалық продюсері Алуа Қонарова өзінің инстаграм парақшасында хабарлады. 

Ол финалда әнші Маржан Арапбаевамен Майкл Джексонның "Earth Song" әнін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Екінші орынды қытайлық Доллар Вонг, үшінші орынды Жанғали Әбішев алды. 

Естеріңізге сала кетейік, 31 арна әлемге танымал I'm a Singer талант-шоуының қазақстандық нұсқасын жасады. 2017 жылы талантты әнші Димаш Құдайберген осы бағдарламаның қытайлық нұсқасында 2-орын алып, әлемге танылды. 

Ж. Жұмағұлов