Димаш финалда 2-орын алды

Димаш финалда 2-орын алды
Фото: vk.com

Қытайдағы "I am singer" ән байқауыны  өз мәресіне жетті. Кіл мықтылар бақ сынаған тартысты бәсекеде отандасымыз, миллиондаған қалың жанкүйерлердің жүрегінен орын алып үлгірген Димаш Құдайбергенов 2-орын алды. 1-орын Санди Лэмге бұйырды. Ал "Арыстан" тобы 3-орыннан көрінді.

Димаш финалда жұбы Лаура Шангпен қосылып, поп музыка королі Майкл Джексонның "The Way You Make Me Feel", "Erth song" және "Billie Jean" әндерін  орындады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген "17th China Music Awards "шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесіне ие болды. Қытайдың weibo әлеуметтік желісіндегі ол туралы ақпараттар саны 4 миллиардқа жақындады. Осының алдында берген сұхбатында Димаш: "Мен қазірдің өзінде жеңімпазбын" деген еді. 

Ж. Жұмағұлов