Димаш "Әлемнің 100 ең сұлу адамы" қатарында

Димаш "Әлемнің 100 ең сұлу адамы" қатарында
Фото: youtube.com

Миллиондардың сүйіктісіне айналған қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген "Әлем бойынша 100 ең сұлу адам" (The 100 Most Handsome Faces of 2017) қатарында 76-орыннан көрінді. Бұл TC Candler ойын-сауық порталының YouTube арнасында жарияланды. 

TC Candler сайты 1990 жылдан бастап әлемдегі жылдың ең әдемі адамдарының рейтингін жариялайды. Кішкентай жоба  ретінде басталған бұл жоба кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен таралып, үлкен танымалдыққа ие болды. Өз кумиріңіздің қай орында екенін төмендегі видеодан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш 16 желтоқсан күні әлемдік турне аясында Қытайдың Чанша қаласында шығармашылық концерт берді. Келесі кеші 5 қаңтар күні Фучжоу қаласында өтеді. 

Ж. Жұмағұлов