Димаш "Unlimited Pamper" шарасында жанкүйеріне қазақтың домбырасын сыйға тартты

Димаш "Unlimited Pamper" шарасында жанкүйеріне қазақтың домбырасын сыйға тартты
Фото: vk.com

Кеше қазақтың мақтанышына айналған миллиондардың сүйіктісі, талантты әнші Димаш Құдайберген Шанхай қаласында өткен "Unlimited Pamper" шарасында өнер көрсетті. Бұл кеште әдеттегідей отандасымыздың жанкүйерлерінің саны басым болды. 

Ол осынау кеште "Кім екен", төлқұжатына айналған "Дайдидау" әндерін орындап, артынша Дәулеткерейдің "Көрұғлы" күйін орындап берді. Сонымен бірге ол кешке келген бір жанкүйеріне қазақтың қара домбырасын сыйға тартты. 

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бөлек Димаш тамыз айында бірнеше шараға қатысады. 

Ж. Жұмағұлов