Димаш

Димаш "Guangzhou Tencent Live Music" концертінде ән шырқады (видео)

Қазіргі таңда әлем әншісіне айналған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайберген кеше Қытайдың Гуанджоу қаласында "Guangzhou Tencent Live Music" атты музыкалық кеште ән шырқады,- деп хабарлайды Массагет тілшісі.

Гуанджоудағы музыкалық кеш біткесін Димаш пен Алпамыс Франция астанасы Парижге ұшып кетті. Бұл туралы Алпамыс әлеуметтік желілерде мәлім етті.

"Гуанчжоудан Парижге ұшу 14 сағат. Бір жақсысы түнде ұшып, таңда түсеміз! Түнгі ұйқы ең бірінші, бір Алланың, одан соң Air France-тың пилотының қолында! Әуелі, Парижде @pamelaanderson @talofficial @evalongoria т.б әлемдік шоу бизнестің xас сұлулары қатысатын @globalgiftfoundation кеші, одан соң Канн қаласында Канн фестивалі @festivaldecannes және де бірнеше тағы атаулы шараларымыз бар! Жаңалықтардан құлағдар болып отырыңыздар!!! Қашанда Сіздермен жақсы жаңалық бөлісуге бармыз! 
Айтпақшы, қытайлық фанаттардың бүгінгі маxаббатына ерекше риза болдым! Сондықтан да, аренада арнайы өзім жақындап рақметімді айтып, Димаштың сәлемін жеткіздім! Сіздер расымен де мықтысыздар!!! Ал бізге сәттілік тілеңіздер, кеттік!",- деп жазды ол инстаграм парақшасына. 

Бұл туралы әншінің өзі де: "Гуаньчжоу қаласына үлкен рақмет!!! Dears-тарымның риясыз маxаббаты мен көңілі маған күш қуад береді! Көп рақмет!!! Ал, біз Франция астанасы Париж қаласына жолға шықтық! Әрі қарай, Канн фестивалі!.. Жақсы күндеріміз көп болсын! Жақсы көрем баршаңызды!..",- деп жазған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Global Gift Gala гала-кешіне шақырту алған болатын. Кеше Парижге сол себепті ұшты. 

Global Gift Gala – мұқтаждарға қаражат жинау, балалар, отбасылар және әйелдердің құқық аясын кеңейту проблемасын түсінуге ықпал жасауға арналған халықаралық бастама. Бұл платформа бизнесмендердің, танымал адамдардың және филантроптардың басын қосады. Шара Global Gift Foundation бастамасымен өтеді. Шараны америкалық актриса Ева Лонгория ұйымдастырады.

Димаш бұл айда Қытайда өтетін бірнеше бағдарламаға қатысады. 27 маусым күні EXPO-2017 көрмесі аясында Астана қаласында жеке шығармашылық концерті өтеді. Билеттер сатылымға шықтыМына жерге кіріп, тапсырыс бере аласыздар. 


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
Қазақстандағы оркестр түрлері
Қазақстандағы оркестр түрлері
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері