Димаш Құдайберген шақырады

Димаш Құдайберген шақырады
Фото: instagram.com

Қытайда өткен "Singer" ән байқауында жұлдызы жанып, бүгінде әлем әншісі атанған отандасымыз Димаш Құдайберген EXPO-2017 көрмесі аясында Астана қаласында жеке шығармашылық концертін береді. 

Бұл туралы әншінің өзі инстаграм желісіндегі парақшасына жазды:

"#Bastau - менің жеке ән кешімнің атауы! EXPO-2017 xалықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылатын Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 27 маусым 20:00-де "Астана аренада" өтетін Live Show Сіздерге арналады! Бастауымның куәсі болуға шақырамын!"

"Астана Аренада" өтетін жеке ән кешінің атауы – "Бастау". Әншінің концертіне әйгілі француз әншісі Лара Фабиан келеді деп күтілуде. Билеттерді мына жерден ала аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Осыдан бірнеше уақыт бұрын билеттер сатылымға шыққан болатын. Бүгінде билеттердің біразы сатылып кеткен. Билеттердің құны 4 мың теңгеден басталады және олардың 40%-ы жанкүйерлердің қолында. Ол бұл айда Қытайда өтетін бірнеше бағдарламаға түседі. Туған қаласы Ақтөбеде Димаш атындағы бақ ашылды. Қытай елшілігі құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен бірге ол Париждегі "Global Gift Gala" гала-кешіне шақырту алды.

Ж. Жұмағұлов