Димаштың қатысуымен өтетін бағдарламалар тізімі

Димаштың қатысуымен өтетін бағдарламалар тізімі

Миллиондаған жанкүйерлердің жүрегінің төрінен орын алған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайберген елге оралғаннан бері тынышталып қалды, "ол не істеп жатыр, жеке өмірі қалай, ол жағынан хабарсыз қалдық", - деп қытайлық тыңдармандар ренішін білдірген еді. Ал оған отандық жанкүйерлер жауап берген болатын. 

Десек те, бізді қызықтыратыны ол емес. Димаш тыныш жатқан жоқ. Ол маусым айында Астанада өтетін жеке концертіне қызу дайындық үстінде. Бұл туралы ол инстаграм парақшасына бірнеше әнін өңдеген ән әрлеуші досы Ерлан Бекчуринмен түскен суретін салып, концертке дайындалып жатқанын жазды. 

Димаш мамыр айында Қытай еліндегі бірнеше бағдарламаға қатысады. Бұл жайлы әншінің вонтакте әлеуметтік желісіндегі фан-парақшасы хабарлады. Атап айтсақ:

1) 14 мамырда Гуанчжоу қаласында музыкалық концертте ән шырқайды.

2) 19 мамыр күні Францияның Ұлттық кинематография орталығының алаңында Қазақстан павильонының ашылуына орай ресми қабылдау шарасы өтпек. Бағдарламада камералық ішекті ансамбльдің сүйемелдеуімен Айман Мұсақожаева мен Димаш Құдайберген өнер көрсетеді.

3) 21 мамыр күні Шанхай қаласында Go Star атты мотоспорт және музыка карнавалына қатысады.

4) 24 мамыр күні туған күніне орай Бейжің қаласында тұңғыш ресми әлемдік фан-кездесу өтеді. 

5) 28 мамыр Сянъян қаласында өтетін концертте ән шырқайды.

6) 28-30 мамыр аралығында Пекин қаласында өтетін "Yue Gu Hua Lu Music Carnival" музыкалық карнавалына қатысады. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Францияның "Les Annees Bonheur" бағдарламасында ән шырқады. Әлемдік өнер жұлдыздары бір саxнада тоғысқан кеш 6 мамыр күні өтеді. Сонымен бірге дәл осы күні Hunan TV арнасынан "Кел, менімен бірге ән шырқа!" бағдарламасы көрсетіледі. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

42 500 теңгені алудың қағидалары
42 500 теңгені алудың қағидалары
АҚШ компаниясы шөлді ауадан ауыз су алуды жоспарлап отыр
АҚШ компаниясы шөлді ауадан ауыз су алуды жоспарлап отыр
Атақты стадион COVID-19 құрбандарына арналған ескерткіш кешенге айналады
Атақты стадион COVID-19 құрбандарына арналған ескерткіш кешенге айналады
Ғалымдар ғасыр соңына қарай әлем халқының саны азаятынын болжады
Ғалымдар ғасыр соңына қарай әлем халқының саны азаятынын болжады
Қазақ балуаны 8 жылдан кейін Олимпиада медалін алды
Қазақ балуаны 8 жылдан кейін Олимпиада медалін алды
Жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттыру жолдары. i-balaqai жобасында − Мадина Билялова
Жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттыру жолдары. i-balaqai жобасында − Мадина Билялова