Эдгар Артистің тағамнан жасалған көйлектері

Эдгар Артистің тағамнан жасалған көйлектері
Фото: Вконтакте

"Сурет салып, бір күнде атақты болуды армандайтын жастарға жол жабық" деп қазақтың қылқалам шебері Ерболат Төлепбай айтқандай, сурет салу және жалпы сол саламен айналысу зор жауапкершілікті талап етеді. Осы талаптың үдесінен шыға білген Эдгар Артис өзінің туындыларын айрықша қиялдың жетегімен жасай білді. 

Эдгар Артис: «Мен үшін ең бастысы – адамдарға бармақтай болсын бақыт сыйлау» дейді.

Э.Артис – суретші-дизайнер. Арменияның тумасы. Ол әлеуметтік желіде және жалпы өз өнерінің ортасында танымал. Оның атағын асқақтатып жүрген – қиялға толы туындылары.

 

Эдгар Артис бала кезінен сурет салумен айналысқан. Кішкене күнінде түрлі киім үлгілеріне тәнті болып, сәнге қызыққан. Осыдан сурет өнеріне деген ынтасы ашылған және осы жолда табанды еңбек еткен. Оның пір тұтатын суретшісі әрі иллюстратор Шамех Блуи және Кристина Вебб.

Бір қызығы Э.Артис бала күнінен сурет салуды армандағанымен, бұл өнерді мамандық ретінде оқымаған. Бұл оның өз бейіміне қарай қалыптастырған өнері. Өкінішке орай дәл қазіргі кезде ерекше туындылардың иесі Эдгар Артис жұмыссыз. Ол өзінің арманын былай жеткізеді: «Менің дәл осы салада жұмыс істегім келедім. Бар арманым адамдарға бақыт сыйлау, туындыларыма жан бітірігім келеді». 

М. Ақан