Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Аватарыңызда қандай сурет тұр?

Аватарыңызда қандай сурет тұр?

Аватарыңызда қандай сурет тұр?

Қазіргі заманда қоғамдық желілердің өміріміздегі орны өте зор. Ғаламтор арқылы танысып, дос болатындар қатары көбейді. Алайда қоғамдық желідегі аватардың артында шын мәнінде кім отырғанын қалай білуге болады?

Психолог ғалымдардың айтуынша қоғамдық желілерге құмар жандардың қандай да бір аватардың таңдауының себептері бар. Яғни адамның тек аватарын көріп, оның мінезі жайлы кейбір қорытындыға келуге болады.

Аватарына жұлдыздардың суреттерін қоятын жандар заманауи және қызығушылықтары мол болады. Олар әлемдік жаңалықтар, шоу-бизнес хабарларынан қалмайды. Өзінің қызығушылықтары мен хоббилері туралы айтқанды ұнатады.

Аватарына өз суретін қоятындар ғаламторға бейберекет танысуды іздеп келгендер емес. Ол өзінің анонимдығын сақтағысы келмейді, анкетасында өзі жайлы шын жазып, біреумен танысса да, өзі жайлы өтірік соқпайды. Бұл адам өте ашық, көңілді, шыншыл болады. Өмірде өз ойын ашық айта алатын батыл адам.

Аватарына жануардың суретін қоятын адамдардың тіпті мінезін болжау оңай. Мысық - жылы, мейірімді адамды, ит - адал кісіні көрсетеді. Әр жануар атаулысы бір ерекше өзіндік қасиетке ие. Осыдан бұндай аватарды таңдаған адамның мінезі туралы айтуға болады.

Мультфильмдер кейіпкерлері қазірде аңдардың суреттерінен де танымал болды. Осындай аватар таңдаған кісі өзінің мінезіне келетін, немесе сондай болуын қалайтын кейіпкерді таңдайды. Немесе олардың сол кейіпкермен тағдырлары ұқсас болуы мүмкін. Сонымен аватарында Шрек тұрған жан - дәу және мейірімді, Чебурашка-юзер - мұңлы және жалғыз болуы мүмкін.

Ландшафтты аватарларды қарапайым адамдар таңдамайды. Космос, тау, өзен-көл, гүлдер мен әсем жерлер суреттерін терең ойлауды ұнататын жандар таңдайды. Бұндай жанның психолог, философ не архитектор болуы әбден мүмкін. Онымен әлем әсемдігі, өмірдің мәні мен болмыс жайлы әңгімелер жақсы жүреді.

Фотошоп не басқа да бағдарламалармен салынған не өңделген, эксклюзивті аватарлар адамның шығармашылығын көрсетеді. Мінезі түсініксіз, қиын болып көрінеді. Алайда оның ойлау қабілеті басқалардан өзгеше болып, қарапайым нәрселерде жаңа заттарды көре алады.

Аватарында өзінің өмірлік хоббиін не қызығушылығын көрсететін адамдар өзінің қызығушылығы бойынша дос тапқысы келеді. Ол өз өмірлік стилін сол суретпен көрсетіп, өзіндей жандарды іздейді.

Аватарына бейтаныс өте сұлу жігіт не қыздың бейнесін қоятындар ғаламторда жаңа таныс іздеп жүргендер қатарынан. Олар бірден өзінің шын түрін көрсеткісі келмейтіндіктен, аватарына бейтаныстардың суреттерін қояды. Сол арқылы басқалармен сөйлескенде ұялмай, өзін өте ашық, тартымды, батыл жан ретінде көрсетеді. Алайда өмірде де сондай болуы екіталай.

Тарихи тұлғаның суретін аватарына қоятындар өзінің сол тұлғамен мінездерінің ұқсастығын көрсеткісі келеді. Қоғамдағы рөлі сондай болуын қалайтын олар, өмірлеріндегі оқиғаларды да ортақтастырады.

Ұсқынсыз, қорқынышты суреттерді аватарына қоятын жандар көбінесе өзіне сенімсіз, тұйық болып келеді. Осылайша қоршаған ортадан тығылып, қорғанғанды жөн санайды. Қорқынышты аватар юзерге өзінің жаман жақтарын өмірде емес, ғаламторда көрсетуге мүмкіндік береді.

Автарын жиі ауыстыратын адамдарға келетін болсақ, олар мінезі тұрақтанбаған жандар қатарына жатады. Бұл қасиет жас адамдарға тән.

Ал сіздің аватарыңыз қандай?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: boji.ru, best-status.com

1921 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 02 тамыз 2012, 14:25
Пікірлер
+0
02 тамыз 2012, 14:17

Аватарыма өзімді қоямын, кейде әдемі суреттер қоямын :roll:

+0
02 тамыз 2012, 14:19

Құдай бере салған досым Дамирдің өзімді түсірген суреті әр жерге ілемін. Өз суретін қоятындардың сипаттамасымен толық қосыламын

+0
02 тамыз 2012, 14:20

Гүл қоятындар ше? Олар қандай адамдар)))

+0
02 тамыз 2012, 14:39

шығармашыл)

+0
02 тамыз 2012, 14:31

жазу болса ше :) :)

+0
02 тамыз 2012, 14:41

смотря қандай..сенікіндей өте позитивті жазуды аватарына қоятындар өте ашық көңілді жан деп ойлаймын)

+0
02 тамыз 2012, 14:42

аа рақмет)

+0
02 тамыз 2012, 14:32

мен көңіл күйге қарата қоямын аватарды. әр парақшада әр түрлі суреттер. өзімдікі,табиғаттың,масагеттегі енді көріп отырсыздар ;)

+0
03 тамыз 2012, 14:02

мен өз суретімді қоямын, кейде гулдің, кейде тіпті мултиктердің, кішкентай баланың....

+0
03 тамыз 2012, 21:28

:mrgreen: әдемі мақала

+0
28 наурыз 2013, 11:08

Ал жап-жасыл фондағы аватарлар ше?

+0
28 наурыз 2013, 11:17

Кейбір тұстармен келіспеймін)))) (мысалы )Ұсқынсыз, қорқынышты суреттерді,Тарихи тұлғаның)) Өзімнің суреттерімді қоямын. Тек бір рет сүйкімді сәбидің суретін қойғанмын.Бұл нені білдіреді

+0
21 маусым 2014, 11:49

Ландшафтты аватарларды қарапайым адамдар таңдамайды. Космос, тау, өзен-көл, гүлдер мен әсем жерлер суреттерін терең ойлауды ұнататын жандар таңдайды. Бұндай жанның психолог, философ не архитектор болуы әбден мүмкін. Онымен әлем әсемдігі, өмірдің мәні мен болмыс жайлы әңгімелер жақсы жүреді.

+0
13 тамыз 2014, 16:13

өз суретімді қоямын, бірақ кейде басқа да картинкалар немесе өзім жақсы көретін актрисалардың суреттерін қоямын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...