Киімнің түсін даладан табатын дизайнер

Киімнің түсін даладан табатын дизайнер
Фото: demilked.com

Адамзат баласы сұлулықты қоршаған ортадан үйренеді. Мысалы, Шамех Блуи есімді дизайнер киімнің нобайын, матаның түсін өз қиялынан алмайды. Ол ойында жүрген киімдердің түсін айналадағы ғимараттардан, күн сәулесінен, түрлі түсті заттардан алады екен. Автор мұны жұмыс деп емес, өнер деп бағалайды екен. Бұл өнер дәлдік пен шеберлікті қажет ететіндігін де жасырмаған. Мәселен, мына суреттерге қарап көріңіздерші.

Г. Берік