Тағамнан жасалған сурет көрдіңіз бе?

Тағамнан жасалған сурет көрдіңіз бе?

Ғаламторда өз суреттерімен әйгілі болған суретші Виктор Нунес Сан-Паулуда тұрады. Ол ғаламторға азық-түлік пен үй шаруасында қолданатын заттардың көмегімен жасалған скетч, сурет пен инсталляцияларын салып, жариялайды.

Қытырлақ картопты бәріміз жақсы көреміз. Бұл суретке қарап, Виктордың да чипсыны жақсы көретінін байқаймыз.

Осы шоколадтың жүрмейтін жері жоқ, келісесіз бе?

Жануардың түрі қатал болғанмен, мүйізі тағамнан жасалғандығы бейнесін жұмсартып тұрғандай.

Соншама ірі тағамның кішігірім суретке таңдалғыны қызық.

Бұл жайлы не ойлайсыз? Әсіресе жұмыртқаның бұл топтамаға кіргені қызық. Суреттің астары неде екен?

Виктор печеньені қатты жақсы көретін болар. Дегенмен суреті әдемі шыққан секілді.

Кептірілген жеміс әрбір ас үйден табылатын азық. Виктор оны аямай пайдаланған көрінеді.

Тағы да печенье.

Тұз қосылған крендельді көптеген адам ұнатады. Бұл суреттен ол өз орнын тапқан тәрізді.

Суретшінің жұмыстарына парейдолия (pareidolia) иллюзиясы негіз болды. Яғни жансыз заттарды жанды заттармен салыстыру.

Сурет: liveinternet.ru

Оқи отырыңыз:

Сиқыры бар суреттер топтамасы

Ф. Абилова