Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Карантинде іздеген фильмдер топтамасы #1

Карантинде іздеген фильмдер топтамасы #1

Карантинде іздеген фильмдер топтамасы #1

Әлем мүлгіген тыныштықта жатыр. Адамдар – үйлерінде. Көп уақыты кітап оқып, фильм көруге кетіп жатқаны өтірік емес. "Қандай фильм ұсынасың?" деп сұрамаған туысыңыз не досыңыз аз емес шығар. Сіздердің сұраныстарыңызға лайықтап, Massaget.kz сайтында жарияланған топтамалардың басын біріктіріп назарларыңызға ұсындық. Бұл әзірше бірінші шығарылым.

! КӨК СЫЗЫҚПЕН БЕЛГІЛЕНГЕН СӨЗДІҢ ҮСТІН БАССАҢЫЗ, ТОПТАМА БЕТ АШЫЛАДЫ.

Карантин болған екі аптаның ішінде түрлі бағдарлама, интервью, концерттің басын қайырғандар үшін Time басылымы былтыр үздік деп тапқан туындылар топтамасын ұсынуды жөн көрдік. Мына сілтемемен өтіп қарап шығыңыз.

Бір ғана кейіпкермен шектелетін фильмдер – киноиндустрияның ең қиын әрі ерекше бағыты. Дұрыс таңдалған актер ғана фильмнің болашағын айқындай алады. Бір ғана актермен жұмыс істеу бірнеше адамнан құрылған құраммен жұмысқа қарағанда қиын. Сонымен, бір ғана актер ойнайтын фильмдерді мына сілтемемен өтіп таңдасаңыз болады.

10 қазанда психикалық денсаулық күні екенін білесіз бе? Бұл сіз ойлағандай түрлі костюм киіп баратын сауық-кештері емес. БҰҰ Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күнін адамдардың психикалық денсаулық мәселелері туралы хабардар болуын арттыру мақсатында белгіледі. Кей психикалық ауруларды сырттан бақылауға кинолар көмектеседі. Психиканың бұзылуы жайлы фильмдер мына жерде.

R категориясындағы (17 жастан төмен тұлғалараға көру ұсынылмайтын) фильмдер арасында ең кассалық фильмге айналып, рекорд жаңартқан фильмдерді де көруге кеңес береміз. Соған байланысты өз уақытында кассалық фильмге айналған басқа да атақты фильмдерді еске түсіруді жөн көрдік.

Егер сиқыршылардың өнерін ұнатсаңыз, онда олар туралы фильмдер де көңіліңізден шығады. Сиқыршылар әлемі және сиқырлы шоудың астыртын жағын көргіңіз келсе, олар туралы 5 фильм ұсынамыз.

Өмірде болған оқиға желісімен түсірілген фильмдер сабақ алуға көмектеседі. Массагеттік тілшілер мұндай тақырыптағы фильмдерді де тізімдеген екен. Әсіресе, бұл фильмдердің тарихы маңызы болса, берері мол болмақ. 

Көпшілік ер адамдар мен әйелдердің фильм таңдауы бір-бірінен ерекшеленіп келеді. Көбіне ер адамдар фантастика мен төбелеске, тарихи фильмдерге таңдау қойса, әйелдер отбасылық фильмдер мен комедияларды жөн көреді. Себебі жақсы комедия көру арқылы аздап демалып алуға болады. Ендеше, әйелдердің көңілінен шығатын 5 комедияны ұсынамыз.

Маусым айының үшінші жексенбісінде бүкіл әлем әкелер күнін атап өтеді. Бұл күн ресми бекітілмегенімен, оны тойлайтындар саны жыл өткен сайын артып келеді. Осыған орай кино әлеміндегі әкелер тақырыбын қозғайтын 5 туынды ұсынып отырмыз.

Әдебиетке құмар қауым өзі ұнататын туындылар желісі бойынша түсірілген кинокартиналарды ұната бермейді. Ол қашан да кітаптан алған әсерден артық ләззат бермейді. Дегенмен, сол туындылардың авторлары туралы деректі фильмдермен қоса, көркем фильмдерді іздеп жүріп қарайды.

Коронавирус, карантин... Біраз адамның әдемі маусымға дайындаған жобалары іске аспай қалды. Ал той ше? Белгіленген уақытта тойдың болмай қалуы жаман-ақ. Ендеше, мұңаймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын тойға дайындық туралы ең қызықты 5 фильмді қарап шығыңыз.

0
Рейтинг: +1

Фото: envato.com
Қосылған күні: 06 сәуір, 15:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->