Жазушылар туралы 5 фильм

Жазушылар туралы 5 фильм
Фото: vk.com

Әдебиетке құмар қауым өзі ұнататын туындылар желісі бойынша түсірілген кинокартиналарды ұната бермейді. Ол қашан да кітаптан алған әсерден артық ләззат бермейді. Дегенмен, сол туындылардың авторлары туралы деректі фильмдермен қоса, көркем фильмдерді іздеп жүріп қарайды.

Дәл осындай оқырмандар үшін біз жазушылар туралы фильмдер тізімін жасадық. Қабыл алыңыз.

Джером Селинджер туралы “Қара бидай арасындағы құрдым” (“Над пропастью во ржи”) фильмі

Фильм “Қара бидай арасындағы құрдым” (“Над пропастью во ржи”) атты культті романның қалай жазылғаны туралы түсірілген.

Кинокартинада жазушы рөлін Николас Холт сомдаған. Сондай-ақ, фильм түсіріліміне Кевин Спейси және Зои Дойч сынды танымал актерлер қатысты. Шағын промороликте Сэлинджердің соғыста жүрген кезі және Уна О'Нилмен кездесуі көрсетіледі. Фильмнің әлемдік премьерасы 15 қыркүйекке болып өтті. 

Сэлинджердің бұл романы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысындағы Америка әдебиетінің басты туындысы есептеледі.

Николай Васильевич Гоголь туралы «Гоголь» фильмі

Режиссер Егор Барановтың жаңа туындысы 2017 жылдың тамыз айында жарық көрді. Ол — «Гоголь» мистикалық сериалы. Басты рөлдерді Александр Петров, Олег Меньшиков, Таисия Вилкова, Артем Ткаченко, Евгений Стычкин мен Ян Цапник сомдайды. «Гоголь» сериалының сюжеті мен стилистикалық безендірілуі 1999 жылы түсірілген Тим Бертоннің «Ұйқылы алқап» атты фильміне ұқсас.

Оқиға жас Николай Васильевич Гоголь мен Яков Петрович Гуро есімді тергеушінің адамдар белгісіз жағдайда жоғалып кете беретін Диканька ауылына келуінен басталады. Анықталған ақпараттар бойынша, сериал алдымен кинотеатрларда, кейін телеарналарда көрсетілді. 

Оскар Уайльд туралы «Уайльд» фильмі

Британиялық жазушы, драматург әрі ақын Оскар Уайльд туралы кинокартинаның басым бөлігі литератор өмірінің романтикалық тұстарына арналған. Уайльд — Англияның викториан дәуіріндегі әдебиеттің белгілі өкілі. Ол өзгелерден интеллекті, астарлы қалжыңы мен талғамы арқылы ерекшеленіп тұратын. Жазушы көзінің тірісінде аңызға айналып үлгерген. Оның бір ғана «Дориан Грейдің портреті» атты туындысының өзі қандай?! Фильмде жазушы рөлін Стивен Фрай сомдады.

Труман Капоте туралы «Капоте» фильмі

Америка әдебиетінің классигі Труман Капоте өмірінен сыр шертетін фильм «Оскар» марапатына бес аталым бойынша ұсынылған. Жазушының рөлін сомдаған Филипп Сеймур Хоффман осы марапатқа лайық деп танылды.

Картина сюжеті бойынша, Труман капоте The Times газетінен ауыр қылмыс туралы жаңалық оқиды да, ол туралы New Yorker журналына журналистік зерттеу жасауды ұсынады.

Жазушы досы Харпер Лиді ілестіріп қылмыс орын алған Канзас қаласына аттанады. Сюжет бастан-аяқ ойдан шығарылғандай көрінуі мүмкін. Бірақ, сценарий  Джеральд Кларктың Капоте өміріне арналған биографиялық туындысы негізінде жазылған.

Шарлотта Бронте, Эмили Бронте, Энн Бронте туралы «Әпкелі-сіңлілі Бронтелер» фильмі

Кинематографистер әпкелі-сіңлілі Бронтелердің туындыларын да, өмірбаяндарын да жиі экранизациялайды. «Әпкелі-сіңлілі Бронтелер» — британиялық жазушылар туралы (француздар түсіргеніне қарамастан) ең танымал фильмдердің бірі. Картинаға таңдалған Мари-Франс Пизье, Изабель Аджани мен Изабель Юппер сынды актрисалар көпшілік көңілінен шықты. 

А. Оралқызы