Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Time тізімі: Карантинде көретін фильмдер

Time тізімі: Карантинде көретін фильмдер

Time тізімі: Карантинде көретін фильмдер

Жастардың жаппай киноға баратын шағы биыл мынадай әлемді жаулаған пандемиямен сәйкес келіп отыр. Алайда көпшілік кинотеатрсыз-ақ кез келген гаджеттен фильм көруге әуестеніп алды. Карантиндегі екі аптаның ішінде түрлі бағдарлама, интервью, концерттің басын қайырғандар үшін Time басылымы былтыр үздік деп тапқан туындылар топтамасын ұсынуды жөн көрдік.

Шыны керек, коронавирус індетінің салдары Голливудтай ірі кино өндірісі ордасының жағдайын айтарлықтай әлсіретті. The Hollywood Reporter хабарлауынша, премьерасы ақпан, наурыз айларына жоспарланған фильмдер еш касса жинамақ түгілі, көрсетілмейтін болды.  

Ең алдымен, хит картина болады деп болжанған Сэм Мендестің "1917" фильмі, Тайка Вайтитидің "Джоджо қоян" картинасы мен Грета Гэрвигтің "Кішкентай әйелдері" бар. Бұлармен қоса, "Дулиттл" мен "Хеллбойдың" премьерасы да болмайды. Барлық көрсетілім кейінге шегерілді, бірақ нақты қай уақытқа дейін екені белгісіз.

Кинотеатрларынан үміт күтіп отырған голливудтық фильмдер қомақты қаржыдан қағылайын деп тұр. Сондықтан амалсыз өткен жылдың үздік картиналарын тамашала тұруға тура келеді.

10. "Қалта қағушылар" (Hustlers)

Аферист қыздар туралы Hustlers ("Қалта қағушылар") фильмінің әлемдік премьерасы 9 қыркүйек күні Торонто халықаралық кинофестивалінде өтті.  Басты рөлдерді Дженнифер Лопез, Констанс Ву, Джулией Стайлз, Кеке Палмер, Лили Рейнхарт, Лиззо мен Карди Би сынды жұлдыздар сомдаған картина жергілікті прокатқа 12 қыркүйектен бастап шыққан еді. 

Фильм сюжеті New York Magazine басылымына шыққан журналисттік зерттеу мақаласы бойынша жазылған. Джессика Пресслер есімді репортер Уолл стрит бөрілерінің қалтасын қаққан биші қыздардың жұмыс істеу схемасынан бастап, олардың мінез-құлқы мен осал тұстарын да ашық көрсеткен. Бұл мақала журналистің есімін бүкіл әлемге атақты етті. Фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі – Рамона: "Біз елді тонап байыған кәсіпкерлерді аулаймыз, бұл қылмыс емес" - дейді. Осы сөзіне ерген жас қыздардан арнайы топ құрып, құйтырқы әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл фильм жанры криминалды триллер болғанымен, шындығында драмадан комедияға дейінгінің бәрі бар.

9.  "Көршімен өткен керемет күн" (A Beautiful Day in the Neighborhood)

Болған оқиғаға негізделген фильм сюжеті Фред Роджерс және Ллойд Фогель есімді адамдар өмірінен сыр шертеді. Фред — өте ақкөңіл адам, өмір бойы балалар бағдарламасының жүргізушісі болған және қайырымдылықпен айналысады. Ал Ллойд — түрлі беделді атақ, марапатқа қол жеткізген тәкаппар журналист. Оған басшылық Роджерстен интервью алуды тапсырады. Фредтің періштедей бейнесі шын мәнісінде шындыққа сәйкес келмейтініне сенімді болып, оның бетпердесін ашуға дайындалып барған Ллойд күтпеген жерден көршісінің досына айналады.

Мінездері тым бөлек екі жігіттің арасында да шынайы достық болатыны туралы фильмді тамашаласаңыз, еш өкінбейсіз.  

8. "Менің атым Долемайт"  (Dolemite Is My Name)

Оқиға 1970 жылдардағы Лос-Анджелес қаласында орын алады. Жасы келген ісі оңға баспайтын нағыз лузер стендапер Руди Рэй Мур шығармашылықтың түрлі бағытын байқап көреді. Бірақ жолы болмайды. Ақыры геттодағы бір музыкалық дискілер сататын дүкенге жұмысқа кіреді. Бір күні ол баспанасыз бір қаңғыбастан ерекше ритм естиді де, бірден жазып алады.

Кейін ойламаған жерден Рудидің Долемайт аталатын сахналық образы сәнге айналып, танымал болып кетеді.  Альбомдары атақты болған соң, ол Долемайт туралы фильм түсіру керек деген шешімге келеді.

7. "Қайралған пышақтар"  (Knives Out)

85 жас мерейтойын атап өткен белгілі криминалды шығармалар авторы Харлан Тромбиді ертесіне өлі тауып алады.

Бір қараған адамға өз өзіне қол жұмсағанға ұқсайды. Десе де полиция міндетін атқару үшін сол үйде тұратын бүкіл отбасы мүшесін сұрақтың астына алады. Жеке детектив Бенуа Блан да бұл қылмысты ашуға ниетті. Өйткені ол сол күні таңда ақша толы конверт пен Харлан өлімін зерттеу туралы өтініш алады.

Детектив күдіктенбес үшін отбасының әр мүшесі Харланды қалай жақсы көргенін айтып, онымен жақсы қатынаста болғандай көрінгісі келеді. Бірақ өмірден өткен жазушының күтушісі кімнің қандай өтірік айтып отырғанын жақсы біледі…

6. "Паразиттер"  (Parasite)

Былтырғы "Оскар" марапатын табыстау рәсімі кім-кімді де таңғалдырмай қоймады. Шарада кәріс режиссері Пон Чжун Хо түсірген "Паразиттер" фильмі бірден 4 аталым бойынша үздік шығып, үлкен жетістікке қол жеткізді.

Канн кинофестивалінің негізгі аталымы бойынша жеңген алғашқы оңтүстіккореялық фильм. Бұл оқиға кәріс киносының 100 жылдығымен тұспа-тұс келді. Туынды 2019 жылы АҚШ-та ең көп касса жинаған шетелдік фильм болды.

Аталған фильмді тамашалауға бұл марапат жеткіліксіз десеңіз, төмендегі тізімді бір шолып шығыңыз: "Алтын глобус" марапатына ұсынылып, оны  "Шетел тіліндегі үздік фильм" аталымы бойынша ұтқан алғашқы оңтүстіккореялық фильм; АҚШ актерлер гильдиясының марапатын "Үздік актерлік құрам" аталымы бойынша жеңген алғашқы шетелдік картина; "Оскар" марапатына "Үздік фильм" категориясы бойынша ұсынылған және ұтқан алғашқы оңтүстіккореялық фильм; Осы аталым бойынша үздік шыққан алғашқы шетел тіліндегі картина, "Үздік фильм" мен "Үздік халықаралық фильм" аталымдарын қатар ұтқан алғашқы шетелдік картина.

5. "Бойжеткендер"  (Little Women)

Әпкелі-сіңлілі Марчтардың есеюі туралы фильм белгілі америкалық жазушы Луиза Мэй Олкоттың романы бойынша түсірілген. Бас кейіпкерлер Азамат соғысы кезінде  Массачусетс штатының Конкорд қаласында тұрған. Фильм сюжетінің көпшілік көңілінен шығу себебі, ол бойжеткендердің алғашқы махаббаты, үміті мен үрейі, өмірлік ұстанымдарының қалыптасуы мен ересек өмірдің бастауы туралы сыр шертеді.

4. "Неке"  (Marriage Story)

Нью-Йорк театрларының бірінде режиссёр болып жұмыс істейтін Чарли мен оның жұбайы әрі сол ұжымның актрисасы Николь ажырасуға бел буған. Чарлиге бұл отбасылық өмірде махаббат та, сыйластық та жеткілікті еді, бірақ Николь ұлын алып Лос-Анджелеске көшерінде некеде болған жылдарда өз-өзін жоғалтып алғанын айтады.

Николь жаңа өмірін тез бастап кетеді. Сериалға түсуге ұсыныс алып, ажырасу ісімен шұғылданатын танымал адвокат әйелмен келісімге отырады. Енді Чарлиге де бұл үдерісті қолға алуға тура келеді. Осылайша Шығыс жағалау мен Батыс жағалау арасындағы сабылыс басталып кетті...

3. "Күндердің бір күнінде... Голливудта"  (Once Upon a Time…in Hollywood)

Квентин Тарантиноның әзірге соңғы туындысы өткен жылы шілденің 26 жұлдызы көрерменге жол тартқан болатын. Қазақстанда картина 8 тамыздан бастап прокатқа шықты.

Кинофильм жас кезінде жауыздығымен бар әлемді шулатқан Чарльз Мэнсон есімді қылмыскердің өмірі негізінде жазылған. Негізгі кейіпкерлер Голливуд актерлері болғанымен, олардың кәсіби өміріндегі өзгерістер Мэнсонның ең үлкен қылмысымен астасып жатады.

Режиссер Квентин Тарантиноның 9-шы фильмі Голливудта 1969 жылы болған "алтын ғасыр" дәуірі негізінде түсірілген. Сюжетке сәйкес, актер Рик Далтон (Леонардо ДиКаприо) мен оның дублері Клифф Бут (Брэд Питт) өте жылдам өзгергіш киноиндустрия саласында өз орындарын тапқылары келеді.

2. "Ирландиялық"  (The Irishman)

Қарттар үйінің тұрғыны Фрэнк Ширан өткен өмірін жиі еске алады. 1950 жылдары ол аса беделді  криминалист Рассел Буфалиномен жолыққанға дейін қарапайым көлік жүргізушісі болған еді. Рассел жас жігітті өз қарауына алып, «Ирландиялық» деген лақап атпен түрлі жұмыстар тындыруға жұмсап отырады.

Сыннан өткен соң Фрэнкті өзінен де беделді Джимми Хоффамен таныстырады. Қызықтың бәрі сол сәттен басталған-ды...

1. "Дерт пен атақ"  (Pain & Glory)

Аса талантты Педро Альмодовар соңғы картинасына да авторлық фильмдер шеберінің музасы Пенелопа Крус қатысқан. Шыны керек, онсыз Альмодовар фильмдерін елестету қиын.

Сондай-ақ, актерлік харизмасымен талай жұртты тәнті еткен Антонио Бандерас та жобаға арнайы шақыртылған. Үш бірдей испандық талант бірлесе жасаған фильмді көпшілік колоритті атмосферасы үшін сүйіп көреді. 

Режиссердің айтуы бойынша, "Дерт пен атақ" картинасы кинематография мен театрдағы шығармашылықты жеке өмірден ажыратуға тырысатын өнерпаздар жолындағы қиындықтар туралы әңгімелейді.  

Фильм сюжеті El Deseo киностудиясынан басталады. Бұл – Педро Альмодовар туған бауыры Агустинмен бірге 1987 жылы негізін қалаған шеберхана. Өзіңіз байқап отырғандай, сценарийдің басым бөлігі автобиографиялық сипатқа ие.  Басты рөлдерді, яғни, ағайынды режиссерлерді Антонио Бандерас пен Асьер Эчеандиа  сомдайды. Әйелдер бейнесі Пенелопа Крус бен Хульета Серраноға бұйырған. 

Картина Альмодовардың алғашқы махаббат, екінші рет сүйіспеншілік сезімін кешу, ана атану, өлім, 60-шы, 80-ші жылдар, қазіргі уақыт секілді ұғымдарға қатысты пікірін, ой-толғамын көрсетеді. 

Жақсы көрілім тілейміз!

0
Рейтинг: +0

Фото: www.lifeglobe.net
Қосылған күні: 03 сәуір, 17:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->