Әйелдерге арналған 5 комедия

Әйелдерге арналған 5 комедия
Фото: almaty.kinoafisha.info

Көпшілік ер адамдар мен әйелдердің фильм таңдауы бір-бірінен ерекшеленіп келеді. Көбіне ер адамдар фантастика мен төбелеске, тарихи фильмдерге таңдау қойса, әйелдер отбасылық фильмдер мен комедияларды жөн көреді. Себебі жақсы комедия көру арқылы аздап демалып алуға болады. Ендеше, әйелдердің көңілінен шығатын 5 комедияны ұсынамыз.

Бернадетт қайда барасың? (Where’d You Go, Bernadette), 2019
Дарынды архитектор Бернадетт он екі жыл бұрын жұмысын тастап, бар уақытын күйеуі мен қызына жұмсады. Шығармашыл тұлғаның бойындағы энергия сыртқа шыққысы келеді. Оны ұйқысыздық жиі мазалай бастайды. Біркүні ол өзінің ішкі дүниесін түсіну үшін жоғалып кетеді.

Соңғы сөз (The Last Word), 2017
Хэриетт – өміріндегі барлық нәрсені бақылап жүруге үйренген отставкадағы кәсіпкер. Бір күні оған өмір аяқталды деген ой келгенде ол некрологты алдын ала табуды жөн көреді. Мұндай маңызды шаруаны кез келген адамға қалдырғысы келмейді. Сондықтан бұл рөлге жас журналист Энн есімді қызды таңдайды. Некролог маман өз міндетін орындау кезінде бұл әйел туралы жақсы пікір айтатын адам жоқ екенін біледі. Бірақ Хэриетт бұл мәселенің де шешімін табады.

Ай жарығының сиқыры (Magic in the Moonlight), 2014
Бұл Вуди Алленнің жеңіл комедиясы. Атақты сиқыршыны бір бай отбасы шақыртып, медиум-әйелдің өтірігін әшкерелеуді тапсырады.

Біз білетін өмір (Life as We Know It), 2010
Бір-бірін жек көретін Холли мен Эриканы ортақ қайғы біріктіреді: олардың жақын достары қайтыс болады. Олардың қызына осы достары қамқоршы болып қалады. Бұл отбасы мен махаббат туралы мейірімді комедия.

Толық жыл (Leap Year), 2009
Аннада бәрі бар: жайлы пәтер, табысты жұмыс және сүйікті жігіт. Бірақ ол бірнеше жыл бойы жігітінің сөз салғанын күтіп жүр. Сүйікті жігіті Дублинге жұмыс бабымен кеткенде Анна Ирландияда 29 ақпан күні қыз жігітке сөз салатын дәстүр бар екенін естиді. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін ол шабаданын жинап, сүйіктісіне қарай жолға шығады.

А. Жапатова