Маусым айында шығатын фильмдер

Маусым айында шығатын фильмдер
Фото: LawSchooli

Жаз мезгілі үлкен экранға шығатын жақсы фильмдермен басталмақ. Олардың арасында драмалар да, фантастикалық фильмдер де бар. Маусым айында шығатын фильмдерді ұсынамыз.

"Икс адамдар: Қара Феникс"

Жаңа фильмде Джин Грей мінезінің қалыптасуын көрсетеді. Экраннан қайтадан "Тақтар ойыны" сериалындағы Санса Старкті ойнайтын Софи Тернердің актерлік шеберлігін көре аламыз.

"Қара киімділер: Интернэшнл"

"Форсаж" фильмдерінің режиссері Ф. Гэри Грей өзіне тәуекелді жұмыс алды: ол бұрын атақты болған фильмді жандандырмақ. Уилл Смит пен Томми Ли өз рөлдеріне қайта келуден бар тартқандықтан олардың орнына Тесса Томпсон мен Крис Хемсвортты алды. Бұл актерлер бұрын "Тор" фильмінің үшінші бөлімінің және "Кек алушылар: Финал" фильмінің түсірілім алаңында кездескен болатын. Фильмде құпия ұйымның агенттерінің басынан өтетін жаңа оқиғасы орын алады.

"Рокетмен"

Қайтыс болған музыканттар туралы фильмдерде көбінесе оларды басқа адамдар атақты еткен болып шығады. Элтон Джон олай болғандығын қаламады, сондықтан 2012 жылы өзінің биографиялық фильмінің сценарийі бойынша жұмысқа басшылық етті.

Бастапқыда Элтон Джон оны Джастин Тимберлейк ойнағанын қалады, одан соң Том Хардиді ойлады. Бірақ соңында режиссер өз таңдауын Терон Эджертонға тоқтатты. Терон Эджертон көпшіліктің ойында "Кингсмен" фильміндегі бейнесімен есте қалды. Фильмнің жанрын музыкалық фантазия десе болады. Элтон Джонның хитіне айналған әнімен аталатын биографиялық лента дарынды баланың әлемдік жұлдызға айналу жолын бейнелейді.

"Ауыру мен атақ"

Педро Альмодовардың кезекті фильмі қартайған режиссердің өмірін баяндайды. Бұл Альмодовардың Антонио Бандерасты түсірген сегізінші фильмі. Актерлік құрамның ішінде Пенелопа Крус та бар. 72-ші Канн кинофестивалінде "Ең үздік ер азамат рөлін" осы фильм үшін Антонио Бандерас алғанын еске сала кетейік.

"Арман қуалай"

Шоу-бизнес әлемін жаулағысы келетін жасқаншақ, өзіне сенімсіз қыздар туралы музыкалық драма әрқашан көрерменнің көңілінен шығады. Басты рөлді Эль Фаннинг ойнайды. Эль Фаннингтің сахнада өлең айтып билегенін көргіңіз келсе, фильмге баруды ұсынамыз.

"Күндердің бір күнінде Стокгольмда"

Фильмде "стокгольм синдромы" терминінің пайда болу тарихы көрсетіледі.  Ол 1973 жылы швед банкін басып алғаннан кейін пайда болды. Қарулы ұрлықшы Ян-Эрик Олссон 6 күн бойы төрт банк қызметкерін тұтқынға алады. Олар нәтижесінде ұрлықшының жағына шығады.

А. Жапатова