Ли Чон Сок ойнаған 5 үздік дорама

Ли Чон Сок ойнаған 5 үздік дорама
Фото: DoramaTv.ru

Ли Чон Сок – фильмдерге, дорамаларға және клиптерге жиі түсетін атақты корейлік актер. Ол өзінің мансабын 15 жасында модель ретінде бастаған. Ал қазір 30 жасар жас жігіт тәжірибесі мол, жанкүйерлері көп атақты актерге айналды. Ендеше, Ли Чон Сок басты рөлде ойнаған 5 үздік дораманы ұсынамыз.

"Мен сені естимін" (Я слышу твой голос, 2013)

Өмірде сиқырға орын бар. Пак Су Ха адамдардың көзіне қарап, олардың ойын естиді. Ол өзінің алғашқы махаббаты адвокат Чан Хе Сонға сотталушылардың шын не өтірік айтып тұрғанын анықтауға көмектеседі. Су Ха мен Хе Сонның балалық шақта өткен ортақ қайғылы оқиғасы бар. Дорама 1 сағаттық 18 сериядан тұрады.

"Жат елдік дәрігер" (Доктор-чужестранец, 2014)

Сериалдағы жағдайлар Пак Хун есімді дарынды хирургтің айналасында өтеді. Пак Хун балалық шағында әкесімен бірге Солтүстік Кореяға келіп, атудан әрең аман қалады. Пак Хун жылдар бойы басқа адамның атымен өмір сүріп, әкесінің жолымен жүреді. Ол керемет хирургиялық оталар жасап, барынша көп адамның өмірін құтқаруға тырысады. Бір күні Пак Хун Солтүстік Кореядан қашып кетеді, бірақ сүйіктісі сол жақта қалып қояды. Енді ол сүйіктісін ол жақтан алып шығудың бар амалын жасайды. Дорама 1 сағаттық 20 сериядан тұрады.

"Екі әлемнің арасында" (Между двух миров, 2016)

Кан Чоль – дарынды спортшы. Бір күні белгісіз адам өлтіруші оның отбасысын өлтіріп кетеді. Тіпті, бұл қатыгез өлімге Кан Чольдің өзін кінәлап, түрмеге отырғызады.  Кан Чоль түрмеден шығып, әділеттік үшін күреседі: өзінің детективті агенттігін ашып, отбасысын өлтірушіні табуға бар күшін салады. Кан Чоль – мінсіз, оған барлық қыздар ғашық болады. Оған таңғалмай-ақ қоюға болады, себебі Кан Чоль – атақты комикстің ойдан шығарылған кейіпкері. О Ен Джу да бұл кейіпкерге ғашық, бірақ ол оны басқалардан да жақын таниды: О Ен Джудің әкесі – комикс авторы. Барлық қызық Ен Джу түсініксіз жолмен комикс әлеміне келгенде басталады. Дорама 1 сағаттық 16 сериядан тұрады.

"Сен ұйықтап жатқанда" (Пока ты спала, 2017)

Нам Хон Джу түсінде болашақты көреді: оның түсінде жиі басқа адамдармен болатын қайғылы жағдайлар орын алады. Бірақ ол ештеңе істей алмайды, себебі басқа адамға түсі туралы айтса да ешкім сенбейді. Бір күні Нам Хон Джу түсінде жас жігітті көреді, ал келесі күні түсіндегі жігіт жас прокурор Чон Дже Чанды кездестіреді. Жас прокурор білмесе де, Хон Джу бұл кездесудің кездейсоқ емес екендігін нақты біледі. Дорама 30 минуттық 32 сериядан тұрады. Сериалда созылмалы сәттер жоқ, адамды жалықтырмайды.

"Романтикалық қосымша" (Романтическое приложение, 2019)

Чха Ын Хо – жас дарынды жазушы және атақты баспаның басты редакторы. Бір күні бұл баспаға жұмысқа бұрын копирайтер болған Кан Дан И тұрады. Алайда ол өзінің керемет түйіндемесін жасыруға мәжбүр. Сериалда біраз жыл үйде отырған әйелдің жұмысқа оралғанда кездесетін проблемалары, кітап оқитын адамдардың азаюы және жұмысқа беріліп, өз жеке өмірін ұмытқан адамдар туралы көрсетіледі. Дорама 1 сағаттық 16 сериядан тұрады.

А. Жапатова