Интеллектіңізді арттыратын 6 сериал

Интеллектіңізді арттыратын 6 сериал
Фото: gruenerconsultingllc.com

Барлығымыз пайдасыз сериалдар мен кинолар көруге бейімбз. Попкорндық фильмдер сіздің уақытыңызды ұрлаудан басқа ешқандай да пайда әкелмейтіні айдан анық. Егер сіз үнемі ғылыми ізденісте жүретін, көп кітап оқып, көп білім жинайтын адам болсаңыз бір уақ адам көңілін көтеретін ойын-сауық фильмдерін қарап тұруыңызға да болады. Бірақ, адамдардың 90 пайызы фильмдерді мәлімет, білім алу үшін емес, қызық үшін көреді. Назарларыңызға уақытыңызды алғанымен, орнына төлем ретінде біршама пайдалы білім беріп, интеллектіңізді арттыратын 6 сериалды ұсынамыз.

 1.     Жан сырлары: Архетип. Невроз. Либидо. 2011-2015. (Тайны души: Архетип. Невроз. Либидо).

Жылы: 2011-2015

Жанр:  деректі фильм.

Шығарушы ел:  Ресей, ТК " Культура"

Режиссёр:  Татьяна Малова және Анастасия Строева

20 бөлімнен тұратын бұл деректі сериал психонализ бойынша тәжрибелер өткізген ғалымдар мен психиатриядағы оқиғаларға арналған. Сериалда адам жаны мен психикасының ең сырлы қырларына түсініктеме беріледі. Мысалы сіз сериалдан түстер мен өзге әлем туралы адамзат тарихындағы ең қызықты тәжірибелерден хабардар боласыз.

 2.     Ми. Сана сырлары. 2010. (The Brain. A Secret History ).

Бұл сериал бізге адам миының жұмыс істеу қағидаттарының сырын ашады. Бұл жерде сіз адам кейбір жағдайларда түрлі шешімдерді шығару себептері, адам санасын басқаратын жолдар, өз санаңызды және өзгелерді басқару сияқты сырлардан хабардар боласыз.

 3.     Өнер құдіреті. 2006. (Simon Schama’s Power of Art, BBC).

Шығарушы ел: Ұлыбритания

Режиссер: Клер Беван, Стив Конди, Карл Хиндмарч

Жанр: тарихи

Жылы: 2006

Сценарий: Саймон Шама

Ағылшындық тарихшы Саймон Шама 8 бөлімнен тұратын осы мериалда дана суретшілер тарапынан салынған 8 ұлы туындының тарихынан сыр шертеді. Бұл фильм музейді аралайтын іш пыстырарлық саяхат емес. Сериал қызықты деректер мен суретшілер өмірінен мәлімет беретін түрлі кадрларға толы. Фильмдегі уақыт жүргізушімен бірге көрерменді өткен ғасырға жетелеп алып кетеді.

 4.     Морган Фриманмен бірге ғарыш пен уақыт аралау. 2010. (Through the Wormhole, Discovery Science Channel).

Жылы: 2010

Шығарушы ел: АҚШ

Режиссер:  Курт Сайенга, Джеффри Шарп, Дэвид Ламаттина

Жанр: деректі фильм

Сериал жүргізушісі Морган Фриман әр бөлімде әлемнің адам санасы әлі жауабын таба алмаған ең сырлы жерлеріне саяхаттайды. Түрлі адамдармен ғажайып мәліметтерден тұратын сұхбаттар жасайды. Ерекше сюжеттер, Эйнштейн тәжрибелерінің сырын ашуға талпыныстар көрерменді бірден өзіне баурап алады.

 5.     Әлемге Стивен Хокингпен бірге... 2010. (Into the Universe with Stephen Hawking, Discovery Channel).

Жылы: 2010

Шығарушы ел:  Ұлыбритания

Режиссер: Иэн Риддик, Мартин Уильямс, Нэйтан Уильямс

Сценарий: Стивен Хокинг

Жанр: деректі фильм

Ғарыш туралы айтатын болсақ Стивен Хокингті айналып өте алмайтынымыз табиғи жайт. Сериалда Стивен әлемнің біршама жұмбақтарына тоқталып шешімін табады. Ғарыштағы өмір, өзге ғаламшарлықтар және уақытты қалай алдауға болатыны туралы айтады. Астраномияға ешқашан қызықпаған болсаңыз да осы сериалдан соң ғарыш жұмбақтарына бей-жай қарай алмайтыныңыз анық.

 6.     Жоғалған дүниелер. 2006-2007. (Lost Worlds).

Жылы: 2006

Шығарушы ел: Ұлыбритания

Режиссер: Анна Томсон, Клайв Молтби, Стюарт Эллиотт

Сценарий: Стивен Кэрролл, Стюарт Эллиотт, Мартин Кемп

Жанр: деректі-тарихи фильм

"Жоғалған дүниелер" сериалы әлем тарихы жұмбақтары туралы: Ежелгі Мысыр сырларынан бастап 1950 жылдардағы атом бункерлеріне дейін, жоғалып кеткен цивилизация орындары туралы жан-жақты зерттеу жүргізеді.

Т. Раушанұлы