Тамыз айында жарық көретін фильмдер

Тамыз айында жарық көретін фильмдер
Фото: viajejet.com

Келер айдың кино әлеміндегі жаңалығы да дайын. Басым көпшілігі балаларға арналған, яғни мультфильмдер көп. Олай болса, тамашалаңыздар.

4 тамызда жарыққа шығатын фильмдер

Айдаһар қайда? 
Елі: Гонконг, Қытай, 2015 
Режиссері: Синг-Чунг Фу, Бетти Тэнг 
Жанры: Анимациялық фильм 
Рөлдерде: Maggie Chiang, Леон Дай, Гун Чжэ, Фиш Леонг, Shao Chun Qu, Ван Лихом, Майкл Вонг, Jiru Wu, Чжан Цзыи 

Дженет есімді кішкентай қыз тылсым әлемге еніп, сан түрлі қорқынышты оқиғаларды бастан кешеді. Бұл әлемде тек жыл атауларына ие болған аңдар өмір сүреді. Оларға қауіп төніп тұр. Себебі зұлым күш өз әмірлігін жүргізгісі келеді. Дженет өзінің жаңа достарымен, яғни жұлдыз белгілеріндегі жануарлармен тылсым әлемді жауыздықтан құтқармақшы. Олардың әлі жетер ме екен?

Зұлымдар жасағы 

Елі: АҚШ, Канада, 2016 
Режиссері: Дэвид Эйр 
Жанры: Боевик 
Рөлдерде: Марго Робби, Кара Делевинь, Джаред Лето, Скотт Иствуд, Джай Кортни, Бен Аффлек, Уилл Смит, Юэль Киннаман, Адевале Акинойе-Агбаже, Виола Дэвис 

Аманда есімді арнайы жасақ қызметкері әлемдегі жауыз қаһармандарды жинап, оларға жаңа тәрбие береді. Олар әлемге қауіп төндірмейді, керісінше, өзге зұлым күш иелерінен қорғайды. Бірақ, пендешілікке салынып, өткен өміріне қайта оралулары мүмкін қатігездер бостандықта қалай өмір сүреді? 

11 тамызда жарыққа шығатын фильмдер 

Пит және оның айдаһары

Елі: АҚШ, 2016 
Режиссері: Дэвид Лоури 
Жанры: Шытырман 
Рөлдерде: Брайс Даллас Ховард, Карл Урбан, Роберт Редфорд, Уэс Бентли, Уна Лоуренс, Крэйг Холл, Oakes Fegley, Исайя Уитлок кіші., Тим Вонг, Филип Грив 

Пит есімді баланы өзге адамдар асырап алған. Сол күннен бастап оның өмірі қорлықпен өтеді. Бірақ балалық шақтың бал дәмін сезіну үшін үйден қашып кетеді. Ну орманды паналап жүргенде адамдардан да мейірімді айдаһарға кезігеді. Бір қызығы ол көпке көріне бермейді екен. 

Тағамдар төңкерісі

Елі: АҚШ, 2016 
Режиссері: Грег Тирнан, Конрад Вернон 
Жанры: Анимациялық фильм 
Рөлдерде: Пол Радд, Джеймс Франко, Кристен Уиг, Сет Роген, Сальма Хайек, Эдвард Нортон, Джона Хилл, Майкл Сера, Билл Хейдер, Дэнни МакБрайд 

Дүкен сөрелеріндегі тағамдар адам қолына тигенді асыға күтеді. Олардың пайда болудағы мақсаты – қолданысқа жарауы. Сатып алушының өзін таңдағанына кей тағамдар қуанады екен. Бірақ, арты не боларын аңдамайды. 

18 тамызды жарыққа шығатын фильмдер 

Бен-Гур

Елі: АҚШ, 2016 
Режиссері: Тимур Бекмамбетов 
Жанры: Драма 
Рөлдерде: Джек Хьюстон, Назанин Бониади, Халук Бильгинер, Йохан Филип Асбек, Марван Кензари, Родриго Санторо, Мойзес Ариас, Ясен Атор, Дэвид Уолмсли, Морган Фриман

Иудей тегінен шыққан Бен-Гур небір қиындықты көреді. Көп жыл бойы құлдықта жүріп, туған еліне қайта оралып, өткені үшін кек алады. Құлдың тұтас империяға қарсы тұратын күші бар. Бұл күш көпті қопарады.

Г. Берік