Зигмунд Фрейдтің айтқандары

Зигмунд Фрейдтің айтқандары
Фото: kanobu

Зигмунд Фрейд – психоанализдің негізін қалаған психолог. Ол XX ғасырда қарқынды түрде дамыған медицина, әлеуметтану, антропология, әдебиет және өнер саласына көп үлес қосқан. Фрейдтің табиғатқа деген көзқарасы өз заманындағы ғалымдарды үрейлендірген. Оның теорияларына деген қызығушылық әлі күнге дейін толастаған емес. Назарларыңызға Зигмунд Фрейдтің нақыл сөздерін ұсынамыз:

* Адамның сырты қалай бүтін болса, іші керісінше дәл солай түтін болады...

* Біз сүйіктілерімізді кездейсоқ таңдамаймыз. Санамызда бар адамды ғана жолықтырамыз.

* Біз өмірге жалғыз келіп, жалғыз кетеміз.

* Сен өзіңе деген сенімді, күш пен жігерді сырттан іздейсің. Оны өзіңнен іздегенің дұрыс. Олар біздің бойымызда өмір сүреді.

*  Орта ғасырда өмір сүрген болсам, мені жағып жіберер еді. Ал қазір менің кітаптарымды ғана өртейді.

* Қызғаныш сезімі талқандайтын күшке ие.

* Көпшілік ақиқаттың ащы дәмін сезбейді. Олар барлығының жалған болғанын қалайды.

* Ақымақтықтың бірінші белгісі – ұятсыздық.

* Өзіңді біреумен салыстыруың керек жалғыз адам – ол сенің өткенің. Ал одан мықты болуың керек адам – сенің қазіргі кезің.

* Адам ештеңеден бас тартпайды, ол жай бір дүниені екінші дүниеге ауыстырғанды ұнатады. 

* Қыздарға құмар жігіт әйелдің болмысын жазбай таниды, ал жалғызды сүйген адам шынайы махаббаттың дәмін татып көреді. 

Ұқсас жазбалар:

Әкесі ұлына үйретуі керек кеңестер #1

Әкесі ұлына үйретуі керек кеңестер #2

Н. Нұрмаханұлы