Атақты «Фаренгейт бойынша 451°» романы үлкен экранға жол тартады

Атақты «Фаренгейт бойынша 451°»  романы үлкен экранға жол тартады
Фото: vk.com

Жазушы Рэй Брэдберидің «Фаренгейт бойынша 451°» аталатын антиутопиялық романы тағы да үлкен экранға жол тартатын болды.

HBO арнасы фильмнің негізгі кейіпкерлерін сомдайтын актерлерді анықтап, түсірілімге кірісіп кетті. Аталған роман осыған дейін бір рет ғана 1966 жылы экранизацияланған болатын.

Кинокартинаның режиссері және сценарисі Рамин Барани болады («99 үй»). Сценарист көмекшісі қызметін атқаратын Амир Надери («99 үй», «Вегас: болған оқиға») фильм желісі түпнұсқаға максималды түрде жақын болатынын айтты. Басты рөлді, яғни, Гай Монтэг есімді кейіпкерді Майкл Б. Джорджан («Таңғажайып төрттік», «Крид: Рокки мұрасы») сомдайды. Монтэгтің басшысы, брандмейстер Биттидің рөлін Майкл Шеннон («Темірден жасалған адам») ойнайды.

«Фаренгейт бойынша 451°» – күллі әлемдегі ең көп сатылатын және оқылатын кітап. Бұл роман – тұтынушылық ойлау дағдысы қалыптасқан қоғамдаға кітаптарды өртеу әдеті туралы антиутопиялық туынды.

Романда өрт сөндіруші қызметін атқаратын ойлана келе, билік адамдарды ең құнды дүние, білім көзі саналатын кітаптан айырып, олардың ойлау қабілетін төмендететін телевизиялық шоулар қарауға итермелейтінін байқайды. Қазіргі заманның да өзекті мәселесіне айналған бұл құбылыс туралы кино көпшілікке ой салары анық.

А. Оралқызы