Жазушы қасірет кешкен сайын мықты бола түседі

Жазушы қасірет кешкен сайын мықты бола түседі
Фото: vk.com

"Жазушы қасірет кешкен сайын мықты бола түседі" деген сөз біз көптен күткен «Гоголь» мистикалық сериалының ресми трейлерінде айтылады. 

Желіде режиссер Егор Барановтың жаңа туындысының кезекті трейлері жарық көрді.

Бұл фильмде басты рөлдерді Александр Петров, Олег Меньшиков, Таисия Вилкова, Артем Ткаченко, Евгений Стычкин мен Ян Цапник сомдайды.

«Гоголь» сериалының сюжеті мен стилистикалық безендірілуі 1999 жылы түсірілген Тим Бертоннің «Ұйқылы алқап» атты фильміне ұқсас. Оқиға жас Николай Васильевич Гоголь мен Яков Петрович Гуро есімді тергеушінің адамдар белгісіз жағдайда жоғалып кете беретін Диканька ауылына келуінен басталады.

Анықталған ақпараттар бойынша, сериал алдымен кинотеатрларда, кейін телеарналарда көрсетіледі. Бірінші бөлімнің премьерасы 2017 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

“Есенин” сериалынан кейін әдеби киноға шөлдеп жүргендердің құмары бір қанатын болды.

А. Оралқызы