Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Фото: vk.com

Кеше, яғни, 28 мамыр күні 70-Канн кинофестивалінің қорытындысы жарияланды. Режиссер Педро Альмодовар (Испания) бастап, актер Уилл Смит (АҚШ), актриса Джессика Честейн (АҚШ), режиссер Чхан Ук Пак (Оңтүстік Корея), режиссер Марен Аде (Германия), режиссер Паоло Соррентино (Италия), актриса әрі әнші Фань Бинбин (Қытай), режиссер, актриса Аньес Жауи (Франция) және композитор Габриэль Яред (Франция) қостаған арнайы құрылған халықаралық қазылар алқасы режиссер Рубен Остлундтың "Шаршы" ("Квадрат") фильмін үздік деп таныды.

Сонымен, кино өндірістегі ең беделді марапат есептелетін  Канн кинофестивалінің жеңімпаздары тізіміне көз жүгіртіңіз:

"Алтын пальма бұтағы"

Рубен Остлунд, "Шаршы" 

Өнер мен маймылдар туралы антибуржуазиялық манифест. 

Үздік сценарий

Йоргос Лантимос пен Энтимис Филиппоу

"Қасиетті бұғыны өлтіру" 

Ешкімнің өзін құрбандыққа шалғысы келмейтіні туралы күпірлік комедия.

Және Линн Рамзи

"Сен ешқашан мұнда болған емессің" 

Фильм барысындағы барлық зорлық-зомбылықты кадрдан тыс қалдыратын ерекше артхаустық стильде түсірілген драма.

Үздік оператор жұмысы

Леонор Серай "Жас әйел" 

Канн кинофестивалінің арнайы сыйлығы

Николь Кидман

Биылғы кинофестивальге Кидман қатысқан 4 фильм номинант болды. БАҚ Кидманды "биылғы шараның ханшайымы" деп атады.

Гран-при

"Минутына 120 соққы", Робен Кампийо

Париждік ЖИТС-пен күресушілер туралы фильм. Өзекті тақырып қозғалған.

Қазылар алқасының жүлдесі

Андрей Звягинцев "Жақтырмау" 

Ұлын жоғалтып, одан еш әсер алмаған адам туралы фильм.

Үздік режиссер

София Коппола "Қатерлі арбау" 

Комедиялық триллер жанрындағы көркем туынды.

Үздік актер

Хоакин Феникс, "Сен мұнда ешқашан болған емессің"

Үздік актриса

Диана Крюгер, "Шекарада" 

А. Оралқызы