"G.I. Joe: Әбжыланның шабуылы 3" фильмінің режиссері анықталды

"G.I. Joe: Әбжыланның шабуылы 3" фильмінің режиссері анықталды

Әлемге өзінің қызықты сюжетімен танымал болған "G.I. Joe: Әбжыланның шабуылы/G.I. Joe: The Rise of Cobra" фильмінің үшінші бөлімінің режиссері анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"G.I. Joe: Әбжыланның шабуылы/G.I. Joe: The Rise of Cobra" фильмі фантастика, боевик жанрында түсірілген еді. Бұл серияда ("G.I. Joe") 2009 жылы алғашқы және 2013 жылы екінші бөлімдері шыққан еді.

Аталған фильмнің үшінші бөлімін Ди Джей Карузо атты режиссер түсіреді деген ақпарат мәлім болды.

Негізінде, фильмнің екінші бөліміне жетекшілік еткен Джон М. Чу үшінші бөлімін де түсіреді деген болжам жасалған. Алайда, оның орнына ол "Енді сіз мені көріп тұрсыз/Now you see me" фильмінің екінші бөлімін түсірумен айналысуы ықтимал.

"G.I. Joe: Әбжыланның шабуылы/G.I. Joe: The Rise of Cobra" фильмі 2016 жылы прокатқа шығуы мүмкін. Нақты мерзімі әлі күнге дейін белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы шыққан екінші бөлімін түсіруге 130 миллион АҚШ доллары жұмсалып, 371 миллион АҚШ доллары жиналған еді.

Сурет: movies.mxdwn.com, buubi.com

Оқи отырыңыз:

"Алтын глобус-2015" жүлдесін кімдер иеленді?

"Тұтқындалған 3" фильмі қазақстандық прокатқа шығады

2015 жылы қандай фильмдер көреміз? #2

2014 жылғы ең бай киножұлдыз кім деп ойлайсыз?

2015 жылы қандай фильмдер көреміз?

Ф. Абилова