2015 жылы қандай фильмдер көреміз? #2

2015 жылы қандай фильмдер көреміз? #2

Бұл жазбамыздан келер 2015 жылы көрермендерге жол тартатын жаңа кинотуындылармен таныс бола аласыздар. Алдыңғы топтамамызда ең үздіктерін жинастырып, жариялаған едік. Бүгін сол үздіктер қатарын толықтырамыз. Бізді алдағы Жаңа жылда қандай кинолар күтеді екен?

1. Болашақтың Жері (Земля будущего)

Фрэнк (Джордж Клуни) және Кейси (Бритт Робертсон) екеуінің санасына ортақ «Ертеңгі күннің Жерін» іздеп, кеңістік пен уақыт аралығына саяхаттайды. Фильм режиссері – Брэд Бёрд («Миссия невыполнима: Протокол Фантом», «Рататуй»).

2. Юра дәуірінің әлемі (Мир Юрского периода)

Тынық мұхитының жағалауындағы Орталық Америкаға жақын орналасқан Исла Нублар аралындағы «Юра дәуірінің саябағының» оқиғасынан кейін 22 жыл өтеді. Осы саябақтың негізін  қалаушы Джон Хэммондтың армандаған мақсаты орындалып, қайтадан өзгеріске еніп, толықтырылып саябақ көрермендері үшін есігін айқара ашады. Енді саябақ ғаламдық «Masrani» корпорациясының иелігінде. «Юра дәуірінің саябағының» қызметкері Оуэн (Крис Прэтт) велоцирапторлардың  мінез-құлқын зерттейді. Корпорацияның тапсырмасы бойынша, туристтердің қызығушылығын арттыру үшін генетиктер тобы динозаврдан генетикалық тұқым жасау керек. Әйткенмен, олар жағдайдың бақылаудан шығып, ушығып кететінін ойламады. Фильм режиссері – Колин Треворроу («Безопасность не гарантируется»).

3. Бас қатырғыш (Головоломка)

Pixar студиясының бұл 3D-анимациялық фильмінің басты кейіпкері - Райли есімді кішкентай қыз. Оның әкесінің Сан-Францискода табылған жаңа жұмысына байланысты аталған қалаға көшіп келеді. Ал Райлидің АҚШ-тың Орталық Батысында өтіп жатқан күнделікті өмірі қимастықпен артта қалады. Райли түрлі эмоцияны басқара алатын қасиетке ие – Қуаныш, Қорқыныш, Ашу, Жиреншектік және Мұң.

Барлығы бір штаб-пәтерде орналасқан – ол қыздың миында: осы жерден әртүрлі жағдаяттарда кеңес береді. Райли өзінің эмоциялары секілді, Сан-Францискодағы жаңа өміріне үйренуге тырысып жүр, бірақ штаб-пәтерде түсініспеушіліктер туындайды. Әзірге Қуаныш Райлидің ең басты және маңызды көңіл-күйі, ол үнемі барлық жағдайды бақылап, позитивті көзқараспен қарап отырады. Ал қалған эмоциялар жаңа қала мен үйге, жаңа мектепке үйренісе алмай жүр. Мультипликациялық фильмнің режиссері – Пит Доктер («Вверх», «Корпорация монстров»). 

4. Терминатор: Генезис

2029 жыл, қарсыласу көшбасшысы Джон Коннор машиналарға қарсы соғыс ашуды тоқтатар емес. Лос-Анджелесті басып алу кезінде Джонның болашаққа деген қорқынышы арта түседі. Бұл қорқынышқа TECOM тыңшылары Скайнеттің бұрында да, болашақта да оны басып алуға құрған жаңа жоспарын біліп алғаны себеп болады.

Бұл фильмнің соңғы бөлімі 2003 жылы шыққан еді, араға 12 жыл салып, Арнольд Шварценеггер Терминатор туралы фильмінің сериалына қайта оралмақшы. Фильм режиссері – Алан Тейлор («Тор 2: Царство тьмы»).

5. Құмырсқа адам (Человек-муравей)

Скотт Лэнг және Құмырсқа адам (Пол Радд) өздерінің тәлімгерлері Хэнк Пимге (Майкл Дуглас) көмектесуге міндетті. Себебі, Хэнктің денесі кисе, едәуір кішірейіп, күші артатын арнайы костюмі бар. Осы құпияны аса сақтықпен жасыру керек. Бірақ биохимиктің туындысына фильмдегі жауыз Сары  кедергі болмақ. Фильм режиссері – Рид Пейтон («Всегда говори «Да»», «Развод по-американски»).

6. Питер Пэн

Бұл фильмнен Питер Пэннің тарихы туралы көре аламыз. Дарлингтер жанұясында болған Питердің дүниеге келуіне байланысты туған құпия туралы баяндалады. Ол Қара Сақал (Хью Джекман) атты теңіз қарақшысы басқаратын Неверлэнд деген жұмбақ аралға тап болады. Питер және Джеймс Крюк (Гаррет Хедлунд) есімді адам бірігіп, зұлым теңіз қарақшысына қарсы тұруды жоспарлайды. Қызық оқиғаларға толы бұл фэнтези-фильмнің режиссері Джо Райт («Анна Каренина», «Ханна. Совершенное оружие»).

7. Фантастикалық төрттік (Фантастическая четвёрка)

Marvel комиксінің көрермендері сүйікті фильмдерінің жаңаланған нұсқасын тамашалай алады. Бұл жолы фантастикалық төрттік құрамын мынадай актерлер сомдайды: Майлз Теллер, Кейт Мара, Майкл Б. Джордан және Джейми Белл. Төрттіктің Дәрігер Думмен (Тоби Кеббелл) күрестері өте әсерлі әрі ерлікке толы болмақ. Фильм режиссері – Джош Транк («Хроники»).

8. Үш тоғыздық (Три девятки)

Орыс мафиясы ақшаға сатылатын полиция қызметкерлерін болмаған ұрлыққа қатысу үшін бопсалап, мәжбүр етеді. Жоспарланған ірі көлемдегі ұрлықтан полиция қызметкерлерінің көңілін алдау үшін әлгі арам пиғылды полициялар жаңадан келген өз әріптестерін өлтіріп, жұмыс тәртібіне қарақшыларды полициялардың қаупінен құтқаратын «999» атты кодты енгізбек болады. Әскери қызметке алғаш кірген полиция қызметкері келген соң, аталған жоспарладың күл талқаны шығады. Полиция қызметкерлерін Вуди Харрельсон, Кейт Уинслет, Аарон Пол, Норман Ридус және Чиветел Эджиофор сынды белгілі әртістер сомдайды. Фильмнің режиссері - Джон Хиллкоут («Самые пьяный округ в мире», «Дорога»).

Сурет: tribwpix.files.wordpress.com, mixstuff.ru. 

Е. Жұмабайұлы