"Тұтқындалған 3" фильмі қазақстандық прокатқа шығады

"Тұтқындалған 3" фильмі қазақстандық прокатқа шығады

15 қаңтар күні қазақстандық прокатқа «Тұтқындалған 3» («Тaken ) фильмі шығады. Көптеген адам бұл фильмді асыға күтуде.

Франция елінің ең үздік боевиктерінің бірі болып есептелетін бұл фильмнің осыған дейін 2 бөлімі жарық көрген. Оливье Мегатонның жетекшілігімен түсірілген «Тұтқындалған 3» туындысы әлемдік прокатқа 2014 жылдың 16 желтоқсанында шыққан еді.

Фильмді түсіру үшін 48.000.000 АҚШ доллары жұмсалған. Әзірше фильм әлем бойынша 91.800.000 АҚШ долларын жинады деген ақпарат бар.

Фильмнің сюжеті бойынша, Брайан атты басты кейіпкерге «адам өлтірді» деген айып тағылады. Оның соңына полиция қызметкері түскеніне қарамастан, Брайан нағыз өлтірушіні іздеуге кіріседі.

Аталған сюжет бойынша, бұл туынды осыған дейін шыққан 2 бөлімнен өзгешелеу көрінеді. Фильмді 15 қаңтардан бастап еліміздің кинотеатрларынан көре аласыз.

Сурет: breitbart.com

Видео: youtube.com

Оқи отырыңыз:

"Жабайы оқиғалар" фильмі прокатқа шықты

Бұл − әдеттегі ертегі емес

"Перизаттар: құбыжық туралы аңыз" анимациялық фильмі туралы

Қыздармен бірге көруге болатын фильмдер

Қыздарға арналған фильмдер

Ф. Абилова