2015 жылы қандай фильмдер көреміз?

2015 жылы қандай фильмдер көреміз?

Бұл жазбамызда келер 2015 жылы көрермендерге жол тартатын жаңа кинотуындылармен таныс бола аласыздар. Бізді алдағы жаңа жылда қандай кинолар күтеді екен?

1. Тұтқын қыз 3 (Заложница 3)


Лиам Нисон әділетсіздікпен күресу үшін көгілдір экранға қайта оралмақ. Осы жолы фильм қаһарманы «өз әйелін өлтірді» деген күдікпен полиция өкілдерінен қашып жүреді. Полиция инспекторы Форест Уитакердің мақсаты – қандай жағдай болмасын, оны түрмеге қамау. Келер жылы жарық көретін бұл киноның режиссері Оливье Мегатонның («Заложница 2», «Коломбиана») айтуынша, кино өте қызықты, шытырман болмақ. 

2. Чаппи есімді робот (Робот по имени Чаппи)


Чаппи – тәжірибе сынағындағы оқып және сезіне білетін робот үлгісі. Бір күні жергілікті қарақшылар тобы қолды қылады. Чаппиді құрастырушы Дэон (Дев Патель «Миллионер из трущоб») роботты іздеуге шығады. Бұл киноның режиссеры – Нил Бломкамп («Элизиум: Рай не на Земле», «Район №9»).

3. Күлше қыз (Золушка)


Disney студиясы көрермендерін жаңа киноларымен таңқалдырудан жалығар емес. Міне, режиссер Кеннет Бранның («Джек Райан: Теория хаоса», «Тор») тағы бір Күлше қыздың тарихы туралы туынды жарық көрмек. Күлше қыз рөлінде Лили Джеймс, өгей анасының рөлінде Голливуд жұлдызы Кейт Бланшетт, перизаттың рөлінде Хелена Бонэм Картер ойнамақ. 

4. Теңіз ортасында (В сердце моря)


Рон Ховардтың («Аполлон-13», «Игры разума», «Код да Винчи») көркем фильмінің негізіне таңғажайып оқиға себеп болады. Бұл оқиға өмірде болған. 1819 жылы «Эссекс» атты кит аулайтын кеменің алып кашалотпен қақтығыс туады. Аман қалған төрт экипаж мүшелері (Бенджамин Уокер, Крис Хемсворт, Киллиан Мёрфи, Том Холланд) өз ерліктерін танытып, ашық мұхитта тірі қалу үшін күреседі.

5. Форсаж 7


2013 жылы Пол Уокердің қайғылы жағдаймен дүниеден өткеннен кейін, бұл қылмыс әлемі туралы боевик жай ғана «Форсаж» киносериалы болып аталмады. 
Уокердің көрермендері сүйікті әртістерін жаңа фильмінен көріп, «қош» деп айтуға соңғы мүмкіндіктері тумақ. Басты жауыздың рөлін осы жолы Джейсон Стэтхэм сомдап, өткен «Форсаждарға» қарағанда, әлдеқайда қызықты, әсерлі болмақ. Режиссёр фильма – Джеймс Ван («Заклятие», «Астрал», «Пила»).

6. Кек алушылар (Мстители: Эра Альтрона)


Щ. И. Т. (ағыл. S.H.I.E.L.D.) — комикстердегі қылмыспен күресетін ойдан құрастылған ұйым) жойылғаннан кейін, Тони Старк Альтронмен бітімгерлік бағдарлама жасауға тырысады. Бұл бағдарламаның өзіндік жасанды сана-сезімі бар. Алайда, Альтрон адамзат баласын жоюға шешім қабылдаған кезде, Старктың игі мақсаты кері нәтижеге ие болады. Енді Кек алушылар әлемді тағы да құтқару үшін бірігуі керек. Фильм режиссері – Джосс Уидон («Мстители», «Миссия «Серенити»»).

7. Ессіз Макс: Қаһар жолы (Безумный Макс: Дорога ярости)


Бұл фильмнің режиссері Джордж Миллер. Макс алыс шалғайдағы табиғат өзгерісінде жападан жалғыз ел кезіп жүреді. Өз сапарында император әйел Фюриозаны кезіктіреді. Патшайым Максқа шөлдің барлық қауіп-қатерін жеңіп шығуға қол ұшын береді.

Сурет: newsprom.ru, f.otzyv.ru, mixstuff.ru

Е. Жұмабайұлы