2014 жылғы ең бай киножұлдыз кім деп ойлайсыз?

2014 жылғы ең бай киножұлдыз кім деп ойлайсыз?

Америкалық Forbes журналы Голливуд киностудиясына қомақты қаржы түсірген әртістерді жариялады. Осы ретте, Дженнифер Лоуренс Голливудтың 2014 жылғы ең бай жұлдызы деп танылды.

Алғашқы орынды еншілеген 24 жастағы Дженнифер Лоуренс қатысқан фильмдер 2014 жылы әлемдік кино өндірісіне 1,4 млрд. АҚШ долларын сыйға тартқан.

Осы жылы Дженнифер екі бірегей блокбастерге түскен: «Қатыгез ойындар: құйқылжық торғай» (түпнұсқасы: «The hunger games: mockingjay», орысшасы: «Голодные игры: Сойка пересмешница»)  және «Х-Адамдар: Өткен болашақтың күндері»  (түпнұсқасы: «X-Men: Days of future past», орысшасы: «Люди Икс: Дни минувшего будущего»).

Екінші орнында «Галактика сақшылары» (түпнұсқасы: «Guardians of the Galaxy», орысшасы: «Стражи Галактики») атты фантастикалық фильмің жұлдызы әрі «Лего. Фильм» («The Lego Movie») картинасында Эмметтің дауысын дыбыстаушы Крис Пратт тұр. Крис қатысқан фильм халықаралық кино әлеміне 1,2 млрд. АҚШ долларын жинаған.

Үздіктердің үшінші қатарындағы Скарлет Йоханссон киностудияға 1,18 млрд. АҚШ долларын құюға септігін тигізген. Ол өткен жылы қызын дүниеге әкелсе де, «Алғашқы кек алушы: басқа соғыс» (негізгі атауы «Капитан америка: Азамат соғысы» («Captain America: The Winter Soldier», орысшасы: «Первый мститель: Другая война») атты фильмде өз рөлін өте жақсы алып шықты.

Ал төртінші болып «Трансформерлер: Қырылу кез» (түпнұсқасы: «Transformers: Age of extinction», орысшасы: «Трансформеры: Эпоха истребления») атты фантастикалық фильмнің қаһарманы Марк Уолберг кино өндірісіне 1 млрд. АҚШ доллларын, Крис Эванс ($ 801 млн.), Эмм Стоуи ($ 764 млн.), Анджелина Джоли ($ 758 млн.) және Джеймс Макевой ($ 747 млн.) әкелді. 

Бұл тізімді 746 млн. АҚШ долларымен киностудияға қаржы түсірген Майкл Фассбендер мен Хью Джекман қорытындылайды.

Сурет: novilist.hr

Е. Жұмабайұлы