Шу болған әнші Төреғали Төреәлінің қорғаушысы Эльнура Кишкенебаева өнерпаздың есірткіге тәуелділігі жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы заңгер Дина Төлепбергенге берген сұқбатында әңгімеледі. Көлікті тізгіндеген күні әнші ешқандай есірткі, алкогольді ішімдік қолданбағанын жеткізді.
"Бізде үш сағаттай уақыт болды. Біз Төреғали Төреәлінің қайда екенін білмедік. Біз оны іздеп жүргенде біраз уақытымыз кетті. Ал ол кезде өздері жалған сараптама тағайындап қойғанын білдік. Бірақ біз қанға сараптаманы қайта тапсырып шықтық. Ол кезде қан құрамында ешқандай есірткілік заттар болмады", - дейді адвокат Эльнура Кишкенебаева.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында қорғаушы Төреғали Төреәлі көлік жүргізер кезде одан бұрын қорқор (кальян – еск.) шеккені анықталғанын жеткізді.
"Көлік жүргізерден 1 күн бұрын Төреғалидің кальян шеккені белгілі болды. Бір емес бірнеше. Қандағы бөгде жағдай сол нәрседен шығуы мүмкін деген болжам бар. Бізде сараптамалар тағайындалды. Психология, наркологиялық сараптама тағайындалып, есірткіге тәуелдігі бар ма, жоқ па секілді сұрақтар талқыланды. Сараптаманы қайта тағайындап біз Төреғали Төреәлінің есірткіге ешқандай тәуелділігі жоқ екенін анықтадық", - дейді Эльнура Кишкенебаева.
Айта кетейік, Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.
"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады
Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.
Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.
"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!